О внесении дополнений в постановление акимата от 3 февраля 2006 года № 56 «Об организации выплат единовременной материальной помощи в 2006 году лицам, приравненным к участникам Великой Отечественной войны» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 56 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға 2006 жылы біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет Кодексінің 53-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларға әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 6, 20-баптарына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Әкімдіктің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 56 «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңістірілген тұлғаларға 2006 жылы біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы» (тіркеу нөмірі 9-7-28, «Әулиекөл» газетінде 2006 жылғы 16 наурызда жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: 1) тармақша сөзбен толықтырылсын жалдамалы құрамдағы, «1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында ерлік жұмыстары үшін» еңбек тылында медалімен марапатталғандар, «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңіп алғаны үшін», Ұлы Отан соғысы жылдарында соғысқа қатысқандардың жесірлеріне, концлагерде болған кәмелетке толмаған тұтқындар тұлғаларға 2006 жылы біржолғы матералдық көмек төлеуді 500 теңге мөлшерінде ұйымдастырылсын.