О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 3 мая 2006 года № 92 «О корректировании средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 92 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 3-тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды тузету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 30 мамырдағы 9-19-24, «Нұрлы жол» 2006 жылғы 15 маусымдағы № 24) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 92 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) осы қауылының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. 60 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу ушін статистика органдары ұсынған 2006 жылға арналған бағаларды түзету белгіленсін.»; 2) мынадай мазмұнда 5-тармақпен толықтырылсын: «Осы қауылы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі.».