О внесении дополнения и изменения в постановление от 3 января 2007 года № 1 «О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 13 декабря 2006 года № 388 «О бюджете Житикаринского района на 2007 год» Күшін жойған
Басқа 0
«2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы 1 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-64, 2007 жылғы 9 ақпандағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшасымен толықтырылсын:
«10) туберкулезбен ауыратындарға туберкулез ауруынан айыққанша ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша тамақтану белгіленсін. Өтініш берушіге анықтамасы бар болған жағдайда, анықтамада көрсетілген кезеңге «Жітіқара аудандық туберкулезге қарсы аурухана» мемлекеттік мекемесінен әлеуметтік көмек тағайындалады»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.