О внесении дополнения в постановление акимата от 3 января 2007 года № 1 «О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 13 декабря 2006 года № 388 «О бюджете Житикаринского района на 2007 год» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 әкімдік қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және азық-түлік себеті мөлшерінің ұлғаюына байланысты және «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру мақсатында, (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, «Житикаринские новости» газетінде 2006 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұрын өзгеріс пен толықтыру енгізілген «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулыға өзгерту мен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі № 439 әкімдік қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-75, 2007 жылғы 3 тамызда «Житикаринские новости» газетінің 32 нөмірінде жарияланған, «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-64, 2007 жылы 9 ақпанда «Житикаринские новости газетінде жарияланған) 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 әкімдік қаулысы мынадай мазмұндағы енгізілген әкімдік қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 1 тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) тұрмысы төмен есебіндегі Уәкілетті органында есепте тұратын азаматтарға 2007 жылдың 4 тоқсанында 1000 теңге мөлшерінде».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.