О внесении изменения в постановление акимата от 3 января 2007 года № 3 «Об установлении социальных выплат участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним» Күшін жойған
Басқа 0
«Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді белгілеу туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 3 әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді белгілеу туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 3 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-63, 2007 жылғы 2 ақпандағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді белгілеу туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 3 әкімдік қаулысына толықтыру енгізу туралы» мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-67, 2007 жылғы 16 наурыздағы № 11 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, 2007 жылғы 21 ақпандағы № 121 әкімдік қаулысымен бұрын толықтыру енгізілген) әкімдік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ 1) тармақшасындағы: «1820 теңге мөлшерінде коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі шығындар орнын толықтыруға ай сайынғы әлеуметтік көмек» деген абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді белгілеу туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулыға толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 21 ақпандағы № 121 әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-67, 2007 жылғы 16 наурыздағы № 11 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.