О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 3 марта 2008 года № 116/2 «О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы «2008 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмектер туралы» № 116/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті IV сессия) 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешіміне, Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті V сессия) 2008 жылғы 14 наурыздағы «Екібастұз қалалық мэслихатының (IV шақырылған кезекті IV сессия) 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 66/5 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 наурыздағы «2008 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмектер туралы» (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеудің ТізілІмінде № 13-3-143 болып тіркелген және 2008 жылғы 20 наурыздағы №12 «Вести Экибастуза» және «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 116/2 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 3-тармағы 15-тармақшасындағы «отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кітабының немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі» сөздері алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) Қаулының 2-тармағы келесі мазмұндағы 20, 21, 22-тармақшалармен толықтырылсын: «20) ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер»; «21) «балалардың ми қабынуынан сал болуы» және/ немесе «тірек-қозғалу аппараты бұзылған» диагнозы бар мүгедек балаларды ррбиелейтін жалғыз басты аналар»; «22) «балалардың ми қабынуынан сал болуы» және/немесе «тірек-қозғалу аппараты бұзылған» диагнозымен бірге «ақыл-есі кем» және/немесе «эпилепсия белгісі бар» мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бөлімшесінде үйде әлеуметтік қызмет көрсетуде тіркеуде түрған 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар».
Тармақша 3
3) Қаулының 3-тармағы келесі мазмүндағы 19, 20, 21-тнрмақшалармен толықтырылсын: «19) 2-тармақтың 20-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-тұрғын үй-коммуналдық қызметін өтеу үшін тоқсан сайынғы материалдық көмекке -тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесімен ұсынылатын тізім, «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі (келісім бойынша) жеке шотының нөмірі»; «20) 2-тармақтың 21-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-ай сайынғы материалдық көмекке- «Қазақпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың диагнозын растайтын анықтама, отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кітабы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, «Екібастұз қаласы әділет басқармасының АХАЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесімен берілген № 4 нысандағы анықтама; «21) 2-тармақтың 22-тармақшасында көрсетілген санат үшін-«Әлем» оңалту орталығында емделу курсынан өту үшін материалдық көмек төлеуге- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүмкіншіліктері шектеулі балаларды күту бөлімшесінің меңгерушісімен ұсынылатын, тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, «Қазақпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген тізім.
Тармақша 4
4) Қаулының 4-тармағы келесі мазмұндағы 20, 21, 22- тармақшалармен толықтырылсын; «20) 20-тармақшада көрсетілген санат үшін- тоқсан сайынғы материалдық көмек 2 АЕК мөлшерінде»; «21) 21-тармақшада көрсетілген санат үшін- тоқсан сайынғы материалдық көмек 2 АЕК мөлшерінде»; «22) 22-тармақшада көрсетілген санат үшін- 16400 теңге мөлшерінде материалдық көмек»;
Тармақша 5
5) Қаулының 3-тармағының 8-тармақшасына келесі өзгерістер енгізілсін: «қызмет» сөзінен кейін «тұрғын-жай көмегін алушы болып табылатын, жалғыз басты зейнеткерлер мен 1,2,3 топтағы мүгедектерді қоспағанда» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2008 жылға арналған қалалық бюджет аясында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.