О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 3 января 2008 года № 28 «О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 19 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 28 қаулыға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес және «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» Жітіқара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешімін, 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің қаулысын (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3606, 2008 жылғы 12 наурыздағы № 52-53 «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 28 әкімдік қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-87, 2008 жылғы 15 ақпандағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: атауы мен кіріспесіндегі «2007 жылғы 19 желтоқсан» датасы «2007 жылғы 24 желтоқсан» датасына өзгертілсін;
1 тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын;
1 тармақ мына мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: «Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініші;
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) жеке бас куәлігінің көшірмесі;
4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
5) «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторынан анықтама (жұмыссыздар үшін);
6) Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаменті «Орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан анықтама (аурулар үшін дәрі-дәрмек сатып алуына, емделуіне);
7) өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама (жұмыс істеушілер үшін)»;
3 тармақтағы «, ыстық тамақ түріндегі әлеуметтік көмек түрінен басқа» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.