О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 3 января 2008 года № 28 «О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 28 әкімдік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3) тармақшасына және «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» жылғы 24 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихатының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, 2008 жылғы 3 қаңтарындағы № 1 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) іске асыру максатында, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 28 әкімдік қаулысына мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-87, 2008 жылғы 15 ақпанында «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 28 әкімдік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 579 әкімдік қаулысымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-101, 2008 жылғы 5 және 19 қыркүйегінде № 36 және № 38 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың 1) тармақшасының екінші азат жолындағы «тиісті жылдың екінші тоқсанына Қостанай облысы бойынша белгіленген, азық-түлік себетінің бағасы» деген сөздер «тиісті жылға Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленгендей, ең төменгі күнкөріс деңгейі» деген сөздерге ауыстырылсын; 1-тармақтың 2) тармақшасындағы «әкесі» деген сөз «ата-аналарының бірі» деген сөздерге ауыстырылсын; «беру» деген сөз «тағайындау туралы» деген сөздерге ауыстырылсын; «кәмелетке толмаған баланың анасы жұмыссыз есебінде Уәкілетті органға тіркелу фактісіне қарамастан» деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақ мына мазмұндағы 12) тармақшасымен толықтырылсын: «12) Уәкілетті органда тұрмысы төмендер есебінде тұратын азаматтарға, 1200 теңге мөлшерінде».
Тармақ 2
2. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік өткенінен кейін қолданысқа енгізіледі.