О внесении изменения в постановление акимата города от 3 апреля 2008 года № 8-106/4 «О проведении призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре декабре 2008 года граждан, родившихся в 1981-1990 годах» Қолданыста
Басқа 0
«1981-1990 жылдары туған
азаматтарды 2008 жылдың
сәуір-маусым және қазан-
желтоқсан айларында жедел
әскери қызметке шақыруды
өткізу туралы» қала әкімдігінің
2008 жылдың 3 сәуіріндегі № 8-106/4
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 қаңтардағы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңдарына және 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, азаматтарды жыл сайынғы жедел әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды өткізуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 8-106/4 «1981-1990 жылдары туған азаматтарды сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылғы 24 сәуірде 8-6-64 нөмірінен тіркелген, қалалық «Шарайна» газетінің 2008 жылғы 1 мамырдағы 51 (1609) нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 1
1) қалалық азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссиясы құрамынан шығарылсын:
Қадырбекова Роза Рахымбекқызы, Әбдіғожина Баян Өтегенқызы;
Тармақша 2
2) қалалық азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссиясы құрамына енгізілсін:
Демекбаева Ақкүміс Малқаждарқызы - «Сәтбаев қаласының поли-клиникасы» МКҚК құлақ, мұрын және тамақ дәрігері;
Дүйсембаева Рауза Тулегенқызы - Сәтбаев қаласының «Стоматология» өндірістік кооперативінің тіс дәрігері.
Тармақ 2
2. қалалық азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссиясы құрамы осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбектік тәулік өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
«Келісілген»
«Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» ММ бастығының м.а.
В.И.Супонин
2008 ж. «6» Х
«Келісілген»
«Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі»
ММ бастығы
С. Б. Жаппаров
2008 ж. «7» Х
«Келісілген»
Қарағанды облысы денсаулық сақтау
басқармасы Жезқазған аймақтық
өкілдігінің басшысы
К. Қ. Қабыкенов
2008 ж. «7» Х
«Келісілген»
«Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі»
ММ бастығы
Е. Х. Сәкеев
2008 ж. «7» Х
Басқа 7
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2008 жылғы „08” қазан
№ 19/02 қаулысымен
бекітілген № 2 қосымша
Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі
қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның құрамы
Маймақова Кәуя Кәкімқызы - «Маймақова К.К.» жеке кәсіпорнының
жүйке аурулары дәрігері,медициналық
комиссияның төрайымы;
Дүйсембаева Рауза Тулегенқызы - Сәтбаев қаласының «Стоматология»
өндірістік кооперативінің тіс дәрігері;
Баспаева Нұрсұлу Рзахметқызы - «Сәтбаев қаласының № 6 отбасылық
дәрігерлік амбулаториясының»
дәрігер-терапевті;
Балтабекова Масура Мұқашқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК көз дәрігері;
Бұланбаева Гүлбану Дәнекейқызы - «Сәтбаев қаласының жүйке
аурулары диспансері»
МКҚК жүйке аурулар дәрігері;
Даирова Мира Сейдаловна - «Жезқазған қаласының тері және
жұқпалы аурулары диспансері»
МКҚК дәрігері;
Демекбаева Ақкүміс Малқаждарқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК құлақ, мұрын және тамақ
дәрігері;
Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК дәрігер – оташысы.
Орта дәрежелі медициналық қызметкерлер:
Әльменбетова Рая - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК, медбибісі;
Бүстікбаева Күләш Қалиқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК, медбибісі;
Бектауова Әсем Сәрсенбайқызы - «Сәтбаев қаласының № 1 ОҚА»
МКҚК медбике-терапевті.