"Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің атауын өзгерту туралы" Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы № 17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің атауын өзгерту туралы" Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы № 17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. «Бектөбе ауылындағы Жаңа-3 көшесінің атауын өзгерту туралы» Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 қазандағы № 17 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-3-102 болып тіркелген, аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде 2009 жылдың 07 қарашасында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: Аталған шешімнің: Кіріспе бөлігінде “Жаңа-2” деген сөздер “Жаңа-3” сөздерімен ауыстырылсын; 1 тармағындағы “еңбек ардагері” деген сөздер “қазақтың тұңғыш милиция генерал-майоры” деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.