О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 3 сентября 2009 года № 166/314 "Об утверждении Правил финансирования политических партий" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Саяси партияларды қаржыландыру ережесінде: төртінші тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің үш пайызын ескере отырып айқындалады.». алтыншы тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау өткізілген жылы саяси партияларға республикалық бюджет қаражатынан төленетін сомадағы айырмашылық осы Ереженің 3-тармағының талаптарын ескере отырып, нақтылануы тиіс».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2012 жылғы бірінші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ___________________ Б.Б. Жәмішев 2012 жылғы 22 ақпан «Келісілді» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі _____________ Д.Қ. Мыңбай 2012 жылғы 25 ақпан