О внесении изменений в постановление акимата Каркаралинского района от 3 марта 2009 года № 41 "Об организации социальных рабочих мест" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қарқаралы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 Қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарқаралы аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 41 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-13-61 - нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 4 сәуірінде "Қарқаралы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 3 тармақта: "Қаржыландыру жылына сәйкес Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбек ақысы көлемінен аспайтын сомада" деген сөздер "Он бес мың теңге сомасы көлемінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 4
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-102 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар", 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.