О внесении изменений в решение маслихата от 3 декабря 2010 года № 352 «Об утверждении поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки и границ зон земель города Рудного» Күшін жойған
Басқа 0
Маслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 352 «Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 11-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 352 «Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Рудный қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы»;
2-тармағы жана редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Рудный қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары бекітілсін.»;
жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Рудный қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай облысы әкімдігінің
жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Н. Абдуов
2017 жылғы «15» наурыз