О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 3 марта 2011 года № 432/58-IV «О Правилах застройки территории города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 3 марта 2011 года № 432/58-IV «О Правилах застройки территории города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 328/47-V
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2016 88833_361637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15AAZ00896
- ЭКБ идентификаторы
- 88833
- Редакция идентификаторы
- 88833_361637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:32
0 «Астана қаласының аумағында
құрылыс салу қағидалары туралы»
Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 432/58-ІV шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірде «Астана ақшамы» газетінің 45-ші нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 47-ші нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):
4-тарауда:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Астана қаласының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік орталығы) берген жылжымайтын мүлік объектісінің бар екендігі және оны бұзу туралы жазбаша қорытынды негізінде жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісін беру.»;
6-тарауда:
67-тармактағы «немсесе» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауырыстылсын;
мынадай мазмұндағы 16-тараумен толықтырылсын:
«16-тарау. Объектіні бұзу актісін беру тәртібі
193-1. Жылжымайтын мүлік объектісін бұзу жағдайында сәулет және қала құрылысы органы жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісін береді.
193-2. Жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісін алу үшін өтініш беруші сәулет және қала құрылысы органына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген үлгідегі бұзу актісін беру туралы өтініш;
2) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
3) Жылжымайтын мүлік орталығы берген жылжымайтын мүлік объектісін бұзу туралы қорытынды;
4) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) жылжымайтын мүлік объектісі техникалық паспортының көшірмесі;
6) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.»;
Қағидаға 5, 6, 7 - қосымшалар осы шешімнің 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: