Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 «Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы»

Қаулы · № 32 · қабылданған 02.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2011-no-474-ekb-109546/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 «Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы» Қолданыста Қаулы ·№ 32 ·02.02.2017
02.02.2017 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 «Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы»

Қолданыста Қаулы ·№ 32 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 «Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
02.02.2017
Көрсетілген редакция
02.02.2017 109546_153061.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000032
ЭКБ идентификаторы
109546
Редакция идентификаторы
109546_153061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:17

0 «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы №474 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айырманы өтеу жылына бір рет жүзеге асырылатын өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын және жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысында жол жүру бойынша шығыстарды өтеуді қоспағанда, жылына екі рет жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Штаб-пәтерлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Заңның 25-бабының 2, 3, 5-тармақтарда көзделген айырманы өтеу жүргізілмейді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Халықаралық ұйымның қызметкері айырма өтемін алу үшін болу мемлекетінде шет елдегі мекемеге тиісті халықаралық ұйымның осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамасын:
1) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша шығыстарды;
2) лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберілуіне, жұмыс мерзімі аяқталған соң халықаралық ұйым қызметкерінің қайтып оралуына, сондай-ақ жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының берілуіне не отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстарды;
3) халықаралық ұйымда жұмыс істеген кезеңде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жөніндегі шығыстарды;
4) өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын төлеуге алынған нақты қаражат сомасын міндетті түрде көрсете отырып ұсынады.
Егер жоғарыда келтірілген шығыстардың қандай да бірі бойынша қаражат халықаралық ұйымда бөлек төленбесе және жалақысының бір бөлігі болып табылса, бұл сома да ұсынылатын анықтамада бөлек көрсетілуі табуы тиіс.
Халықаралық ұйымның қызметкері ұсынатын анықтамаға халықаралық ұйымның қаржы қызметінің басшысы қол қояды және оның мөрімен куәландырылады.
Анықтама халықаралық ұйым қызметкері айырманы өтеу үшін шет елдегі мекемеге жүгінгеніне дейін күнтізбелік 30 күннен бұрын берілмеуі тиіс.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жылына екі рет, 15 маусымға және 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық ұйымның әрбір қызметкері бойынша өткен кезеңдегі төлемдер жөнінде есеп береді.»;
көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаға 2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2017 жылғы 2 ақпандағы
№ 32 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында
болған лауазымды адамдарға
айырманы өтеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Анықтама
1. Халықаралық ұйым қызметкерінің Т.А.Ә (болған кезде):________________
2. Халықаралық ұйымның атауы:______________________________________
3. Халықаралық ұйымдағы лауазымы: _________________________________
4. Есепті кезең: _______________ бастап __________________________ дейін
5. Валюта атауы ( АҚШ доллары/еуро): _______________________________
Р/с

Тө­лем­дер­дің ата­уы
Ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­да­ғы тө­лем­дер со­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
Ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі бой­ын­ша шы­ғы­стар
2
Ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дал­ған кез­де ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­ға жұ­мысқа жі­бе­рі­лу­іне, жұ­мыс мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы ке­зін­де ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым қыз­мет­ке­рі­нің қай­тып ора­луы­на, жыл сай­ын­ғы ақы­сы тө­ле­не­тін ең­бек де­ма­лы­сы­ның бе­рі­лу­іне, от­ба­сы мү­ше­ле­рі бі­рі­нің қай­тыс бо­луы­на бай­ла­ны­сты кө­лік­тік шы­ғы­стар
1
2
3
4
3
Ба­ла­лар­ды оқы­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар, оның ішін­де:
мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­би­е­леу мен оқы­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар
ба­ста­уыш бі­лім бе­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
негіз­гі ор­та бі­лім бе­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
жал­пы ор­та бі­лім бе­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
4
Өкіл­дік ке­рек-жа­рақ құ­ны­ның жыл сай­ын­ғы ақ­ша­лай өте­ма­қы­сы
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ди­пло­ма­ти­я­лық қыз­ме­ті ту­ра­лы» 2002 жы­л­ғы 7 на­уры­зда­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы 25-ба­бы­ның
7-12-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген оқи­ға­лар болған жағ­дай­да қо­сым­ша
5
Бар­лы­ғы
Халықаралық ұйымның
қаржы қызметінің басшысы ____________________________
(Т.А.Ә) (болған кезде), қолы)
М.О.

2 Төлемдер бойынша есеп

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 2 ақпандағы
№ 32 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында
болған лауазымды адамдарға
айырманы өтеу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы
Төлемдер бойынша есеп
1. Халықаралық ұйым қызметкерінің Т.А.Ә: (болған кезде)________________
2. Халықаралық ұйымның атауы: _____________________________________
3. Халықаралық ұйымдағы лауазымы:__________________________________
4. Есепті кезең: _________________ бастап _______________________ дейін
5. Валюта атауы ( АҚШ доллары/еуро):________________________________
Р/с

Тө­лем­дер­дің ата­уы
Те­ңе­сті­рі­л­ген ла­у­а­зым бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­тел­де­гі ме­ке­ме­сін­де­гі тө­лем­дер со­ма­сы
Ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­да­ғы тө­лем­дер со­ма­сы
Бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен өте­у­ге жа­та­тын ай­ыр­ма со­ма­сы
1
2
3
4
5
1
Ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі бой­ын­ша шы­ғы­стар
1
2
3
4
5
2
Ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дал­ған кез­де ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­ға жұ­мысқа жі­бе­рі­лу­іне, жұ­мыс мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы ке­зін­де ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым қыз­мет­ке­рі­нің қай­тып ора­луы­на, жыл сай­ын­ғы ақы тө­ле­не­тін ең­бек де­ма­лы­сы­ның бе­рі­лу­іне, от­ба­сы мү­ше­ле­рі бі­рі­нің қай­тыс бо­луы­на бай­ла­ны­сты кө­лік­тік шы­ғы­стар
3
Ба­ла­лар­ды оқы­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар, оның ішін­де:
Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­би­е­леу мен оқы­ту бой­ын­ша шы­ғы­стар
Ба­ста­уыш бі­лім бе­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
негіз­гі ор­та бі­лім бе­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
жал­пы ор­та бі­лім бе­ру бой­ын­ша шы­ғы­стар
4
Өкіл­дік ке­рек-жа­рақ құ­ны­ның жыл сай­ын­ғы ақ­ша­лай өте­ма­қы­сы
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ди­пло­ма­ти­я­лық қыз­ме­ті ту­ра­лы» 2002 жы­л­ғы 7 на­уры­зда­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы 25-ба­бы­ның 7-12 тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген оқи­ға­лар болған жағ­дай­да қо­сым­ша
5
Бар­лы­ғы
Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің басшысы Қолы
Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің бухгалтері Қолы
Күні Мөрі

Қолданыстағы