О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 «Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации и возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Штаб-пәтерлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Заңның 25-бабында көзделген ақшалай өтемақыны төлеу, шетел валюталарындағы ақшалай қамтымның айырмасын, кепілдіктер мен өтемақыларды өтеу, сондай-ақ лауазымдық айлықақыларды шетелдік валютада төлеу жүргізілмейді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.