О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 3 сентября 2012 года № 315 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3413 тіркелген, 2012 жылғы 18 қыркүйекте «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 94 қаулысына қосымша Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.09.2012 жылғы № 315 қаулысына қосымша Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы № Орналасқан жері Заңды мекен-жайы Ақтөбе қаласы 1 «Нұрдаулет» сауда үйі Әбілқайыр хан даңғылы, № 46 үй 2 «Мир» бизнес орталығы Әбілқайыр хан даңғылы, № 87 үй 3 «Планета знаний» дүкені Әбілқайыр хан даңғылы, № 79 үй, № 1 пәтер 4 «Электрон» дүкені Әбілқайыр хан даңғылы, № 32 үй 5 «Жилгородской» базары Бейбітшілік даңғылы, № 7 үй 6 «Әнуар» базары Ш. Қалдаяқов көшесі, № 26 а үй 7 «Нектар» сауда үйі 11 мөлтек ауданы, Н. Шәйкенов көшесі, № 86 үй 8 «Березка» сауда үйі Әйтеке би көшесі, № 50 үй Байғанин ауданы 9 «Тау» сауда үйі Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, № 38 үй Ырғыз ауданы 10 «Жарқынай» сауда үйі Ырғыз ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, № 67 үй Қарғалы ауданы 11 «Радуга» сауда үйі Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, № 47 үй Қобда ауданы 12 «Сказка» дүкені Қобда ауылы, С. Сейфуллин көшесі, № 8 үй Ойыл ауданы 13 «Жастық» сауда үйі Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, № 52 үй Темір ауданы 14 Аудандық «Досжан ишан» мешіті жанындағы «Мұсылман тауарлары» сауда нүктесі Шұбарқұдық ауылы, Н. Байғанин көшесі, № 27 үй Хромтау ауданы 15 Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, № 1 үй Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, № 1 үй Шалқар ауданы 16 «Сұңқар» сауда үйі Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, № 6 үй