О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 3 сентября 2012 года № 315 "Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2012 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған актінің кіріспесіндегі «5-бабының 4) тармақшасына» деген сөздер «5-бабының 7) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі аталған қаулыны басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.