О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Актюбинской области от 3 сентября 2012 года № 315 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 315 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: 2, 8, 9, 11, 12, 14-жолдар алып тасталсын; 10-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 10 «Кәусар» дүкені Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, 1-үй »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын: « 8-1 «Асыл» сауда үйі Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 25-үй ».
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының дін істері басқарамасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.