О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2013 года № 909 «Об утверждении Правил осуществления собственником и (или) оператором, а также третьим лицом мер по защите персональных данных» и от 12 июля 2019 года № 501 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: мынадай мазмұндағы 268-1), 268-2) және 268-3) тармақшалармен толықтырылсын: «268-1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту; 268-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларын бекіту; 268-3) дербес деректер және оларды қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру, сондай-ақ оны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындау;»; мынадай мазмұндағы 378-1) тармақшамен толықтырылсын: «378-1) мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетін интеграциялануын келісу;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.