О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 3 апреля 2014 года № 22-6/6 "Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходе местного сообщества на территории Кокпектинского района" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/6 "Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, 39-3 бабының 6 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3289 тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырында № 43 аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы Қағидаларында: 8 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.»; 11 тармағы алынсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.