О внесении изменений в решение акима района Шал акына Северо-Казахстанской области от 3 марта 2015 года № 4 «Об образовании избирательных участков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима района Шал акына Северо-Казахстанской области от 3 марта 2015 года № 4 «Об образовании избирательных участков»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 4 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 06.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2024 194161_693123.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24SN770915
- ЭКБ идентификаторы
- 194161
- Редакция идентификаторы
- 194161_693123
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:47
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің
2015 жылғы 3 наурыздағы № 4 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3153 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшадағы:
6 және 7 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«6. № 536 сайлау учаскесі:
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Мерген ауылы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені үй-жайында.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Мерген ауылы.
7. № 537 сайлау учаскесі:
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ысқақ Ыбыраев ауылы, «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталықтандырылған клуб жүйесі» Ыбыраев ауылдық мәдениетінің үй-жайында.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Ысқақ Ыбыраев ауылы.»;
10 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. № 540 сайлау учаскесі:
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Арай ауылы, «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталықтандырылған клуб жүйесі» Арай ауылдық клубының үй-жайында.;
Сайлау учаскесінің шекаралары: Арай ауылы, Ровное ауылы.»;
16 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«16. № 548 сайлау учаскесі:
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Сухорабовка ауылы, «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталықтандырылған клуб жүйесі» Сухорабов ауылдық клубының үй-жайында;
Сайлау учаскесінің шекаралары: Сухорабовка ауылы.»;
20 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. № 554 сайлау учаскесі:
Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Крещенка ауылы, «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының орталықтандырылған клуб жүйесі» Крещенка ауылдық мәдениетінің үй-жайында;
Сайлау учаскесінің шекаралары: Крещенка ауылы.».
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақтан облысы
Шал ақын ауданы
сайлау комиссиясының төрағасы А. Турсанов