О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 «Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына және 6-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.»; 2-тармақта: мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) күтімді жүзеге асыратын адам – бірінші топтағы мүгедекке онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) Мемлекеттік корпорацияның филиалы – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы филиалдары;»; 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін және Заңда белгіленген мөлшерде оны алуға құқық туындаған күннен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңіне төленеді. Жәрдемақы алушы, сондай-ақ Заңның 1-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес күтім көрсетілетін адам қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айын қоса алғанға дейін төленеді. Жәрдемақы алушы, сондай-ақ Заңның 1-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес күтім көрсетілетін адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда жәрдемақы төлеу кеткен айын қоса алғанға дейін жүргізіледі. Күтімді жүзеге асыратын адам ауысқан жағдайда, жәрдемақы ауыстыру күніне дейін төленеді. 5. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымша сәйкес 1 және 2 нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады. Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде Заңның 4-бабының 1-тармағының 1-3), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар мүгедектігі бойынша, сондай-ақ Заңның 1-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес күтім көрсетілетін адамға күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген. Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады. Өтініш беруші талап етілген құжаттарды ұсынған жағдайда өтініш берушіге: Мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат; көрсетілетін қызметті берушіде - өтініштің тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі; портал арқылы - өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі өтініш беруші жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде: Мемлекеттік корпорацияда - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат; жәрдемақы тағайындауға көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш білдірген жағдайда - өтініштің үзбелі талоны негізінде беріледі. Мемлекеттік корпорация өтініш берушінің мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Өтініш беруші портал арқылы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындауға жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес 3-нысанындағы өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесіне сұрау салу портал арқылы өтініш берушінің өзімен жүзеге асырылады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы проактивті қызмет арқылы тағайындалған кезде «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға, сондай-ақ күтімді жүзеге асыратын адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беру талап етілмейді. Заңның 4-бабының 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға, сондай-ақ күтімді жүзеге асыратын адамдарға проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау алушының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркелген жағдайда жәрдемақы алушының өтінішінсіз жүзеге асырылады. Заңда көзделген негіздер бойынша жәрдемақыны тағайындауға құқық пайда болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталда тіркелген телефон нөміріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-макет» ақпараттық жүйесі арқылы жәрдемақыны тағайындау және тіл таңдау мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызметті көрсетуге келісімін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға порталда тіркелген мобильді телефон нөміріне банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі. Проактивті қызмет арқылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш берген күн жәрдемақы тағайындауға келісім берген күн болып есептеледі. Алушыға sms-хабарлама жолданған күннен бастап күнтізбелік 3 күннің ішінде одан жауап болмаған кезде проактивті қызметті көрсету процесі аяқталады. 6. Заңның 4-бабының 1-тармағының 1-3), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер сұратылады. Мәліметтер болмаған кезде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттар өтінішке қоса беріледі. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді. Жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші адамдар береді.»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінген кезде өтініш берушіде тағайындау немесе төлем тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына, сондай-ақ өтініш берушіде жеке көмекшінің қызметін ұсыну фактісінің орын алуына (күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақыны тағайындау үшін) тексеру жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен тиісті төлем тағайындау немесе жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен жеке көмекшінің қызметін ұсыну фактісін растайтын мәліметтер (күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақыны тағайындау үшін) алынған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі. 9. Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар қабылданғаннан кейінгі екі жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлама жібереді, сол кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады. Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестікке келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды. Өтініш беруші хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкестендірмеген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш пен өтініш беруші түпнұсқада ұсынған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЭІМ-ді және жәрдемақы тағайындауға шешім жобасын қалыптастырады. Жәрдемақыларды проактивті тәсілмен тағайындаған кезде электрондық мәліметтерден тұратын электрондық өтінім Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің ЭІМ-ді және шешімнің электрондық жобасын қалыптастыруы үшін орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі: Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында көзделген қажетті мәліметтерді алу туралы сұрау салуды; жәрдемақыларды тағайындау, төлеу, сондай-ақ жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактілерінің болмауын тексеруді жүзеге асырады. Тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда электрондық өтінім өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына орналастырылады. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі қалыптастырған электрондық өтінімді тіркеген кезде проактивті қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық өтінімді тіркеу туралы хабарлама жіберіледі. ЭІМ-де тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның орындаушысы құжаттарды қабылдау күні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау уақыты мен орны туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді. Өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша қарсылығын жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның орындаушысы оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды. Тыңдау нәтижелері бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралышешім қабылдайды. Қалыптастырылған ЭІМ жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.»; 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «17. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындау туралы хабарламаны береді. Хабарлама осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналында тіркеледі. Жәрдемақы тағайындауға өтінішінде өтініш беруші мобильді телефон нөмірін көрсеткен жағдайда жәрдемақының тағайындалу (тағайындалмауы) туралы хабарлама sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушінің мобильді телефон нөміріне автоматты түрде жіберіледі. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі. Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен ЭЦҚ-сы болған кезде, құжаттары бұдан бұрын Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға қағаз жеткізгіште ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне ол туралы деректер Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған өтініш берушінің жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 18. Айлық есептiк көрсеткіштің немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгерген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы мөлшерінің өзгергендігі туралы шешім жобасын дайындайды және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның төлемді тоқтату туралы шешімінің негізінде Заңның 8-бабының 2 және 6-тармақтарында көрсетілген, оның ішінде «ЖТМД» АЖ-дан мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатады. Күтімді жүзеге асыратын адам ауысқан жағдайда, сәйкес айға төленген жәрдемақылар сомасы күтім жасалған нақты күндерді есепке ала отырып, қайта қаралады және айырмасы ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруға жатады.»; 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «23. Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейін жәрдемақы тағайындау үшін жүгінген күннен бастап тағайындалады. Барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі. Жәрдемақы тағайындау үшін негіздеме жойылған жағдайда алушылар бұл туралы он жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне хабарлауға міндеттенеді. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін қажетті жұмыс өтілі туралы толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды арнайы комиссиялардың қарауына осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді. Арнайы комиссиялар ұсынылған материалдарды осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес қарайды. 24. Мемлекеттік корпорация жәрдемақыны тағайындау туралы бекітілген шешімдердің негізінде ай сайын төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады және орталық атқарушы органға төлеу айының алдындағы айдың 27-күнiне ұсынады. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, төлем айы үшін әзірленген қажеттіліктен кейін қалыптасқан жәрдемақылардың алушыларға тағайындалған сомасы орталық атқарушы органға ай сайын, төлем айының 15-күніне қарай ұсынылатын бюджеттік қаражатқа қосымша қажеттілікке қосуға жатады. Мемлекеттік корпорация төлемдер кестесіне сәйкес жәрдемақыларды төлеу бойынша төлем тапсырмаларын әзірлейді және өтініште мобильді телефон нөмірі көрсетілген жағдайда, өтініш берушінің мобильді телефонына автоматты түрде 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабар жіберу арқылы төлем жасалған күн туралы хабарлама жіберіледі. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан байынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.»; 1, 1-1, 2, 7, 11, 13, 15, 16 және 17-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 6, 7, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 5 және 8-қосымшаларға сәйкес 7-1 және 13-1-қосымшалармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Өтініш
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 1-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 1-қосымша 1-нысан Ауданның коды ____________________ Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті Өтініш Азамат (ша) ___________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні ____ жылғы «___» _____________, мынадай мекенжай бойынша тұратын:___________________________________________________ Жеке шотының № __________________ Банктің атауы ___________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________________ Жеке куәлігінің (паспортының) деректері: № ___________________, кім берген ________________, берілген күні ______________ Маған _________________________________________________________ (санатын көрсету) ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын. Зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы (керегін сызу) аламын. Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба _________________________________________________________ (иә, жоқ; алатын болсаңыз, қандай негіз бойынша екенін көрсету) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін. Төленетін жәрдемақының тоқтатылуына, тоқтатыла тұруына, мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығу), анкеталық деректерімнің, банктік реквизиттерімнің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияны ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын өтініш беруші қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің байланыс деректері: үй телефоны ____________ ұялы ____________ Е-маіl _________ «___» _____________ 20____ жыл Өтініш берушінің қолы ____________________ Азамат (ша) _________________________________________ өтініші 20___ жылғы «___» ____________ № ___________ қабылданды. Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы және қолы ______________________________________ _____________________________________________________________ Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: Р/с № Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­та­ғы па­рақ­тар са­ны Ес­керт­пе 2-нысан Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы күтімді жүзеге асыратын адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініш Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ____________ облысы (қаласы) бойынша департаменті Бөлімше коды: ______________________________ Өтініш беруші туралы мәліметтер (белгі қою): мүгедек ___ қорғаншы (қамқоршы) ________ заңды өкіл ________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _________________________________________________________ Туған күні: ____ жылғы «____» _______________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________ Құжаттың сериясы: ______ Құжаттың нөмірі: ______ Кім берген: ______ Берілген күні:___ жылғы «______» _____________ Күтім көрсетілен адам туралы мәліметтер: Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _________________________________ Туған күні: _______ жылғы «____» ____________________ Тұрғылықты жерінің мекенжайы: __________________________________ ______________________ облысы ______________________ қаласы (ауданы) ______________________ ауылы ______________ көшесі (шағын ауданы) _______________ - үй ________ - пәтер Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес ______________________________ (күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) жәрдемақыны тағайындауды сұраймын. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақыны тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам туралы мәліметтер: Жеке сәйкестендіру нөмірі: _________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________________________ Туған күні: _______ жылғы «____» ______________________ Тұрғылықты жерінің мекенжайы: _________________________________________________ облысы ______________________ қаласы (ауданы)______________ __________________ ауылы ____________ көшесі (шағын ауданы) _____________________________ - үй ________ - пәтер. Банк деректемелері: Банктің атауы _____________________________________ Банк шотының № ___________________________________ Шоттың типі: ағымдағы ______________________________ Күтімді жүзеге асыратын адамға күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде мобильді телефонға смс-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін. Күтімді жүзеге асыратын адамға күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде мобильді телефонға смс-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін. Төленетін жәрдемақының тоқтатылуына, тоқтатыла тұруына, мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректерімнің, банктік деректемелерімнің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне он жұмыс күні ішінде хабарлау қажеттігі туралы хабардар етілдім. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілдім. Өтініш берушімен Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы қамтамасыз етіледі. Өтінішке қоса берілген құжаттар тізбесі: Р/с № Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­та­ғы па­рақ­тар­дың са­ны Ес­керт­пе 1 2 Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның байланыс деректері: телефоны __________ ұялы __________ электрондық мекенжай _________ Өтініш берушінің қолы __________________________________________ Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның қолы ___________ Өтініш 20___ жылғы «_____» _____________ қабылданды, № _________ Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: _________________________________________ 3-нысан «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы күтімді жүзеге асыратын адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініш Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ____________ облысы (қаласы) бойынша департаменті Бөлімше коды: ______________________________________ Өтініш беруші туралы мәлімет (белгі қою): мүгедек ____қорғаншы (қамқоршы) ________ заңды өкіл___________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _______________ ____________________________________________________________ Туған күні: _______ жылғы «____» ________________________ Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес ______________________________ (күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) жәрдемақыны тағайындауды сұраймын. Күтім көрсетілетін адам туралы мәліметтер: Жеке сәйкестендіру нөмірі*: _____________________________ Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі*: _______________ Құжаттың сериясы:____________ Құжаттың нөмірі: _________________ Кім берген: __________________________________________ Берілген күні: ______ жылғы «____» Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы: __________________ _________________ облысы _______________ қаласы (ауданы) ______________ ауылы ______________ көшесі (шағын ауданы) ______ - үй ______ - пәтер Мемлекеттік органдардың растауы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінен алынған деректер Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам туралы мәліметтер: ЖСН*: _______________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі*: ________________ Құжаттың сериясы: _____________________________________ Құжаттың нөмірі: _____________________________________ Кім берген: ___________________________________________ Берілген күні: ______ жылғы «____» _____________ Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы: _________________ _________________ облысы _______________ қаласы (ауданы) _____________ ауылы _______________ көшесі (шағын ауданы) ______ - үй _______ - пәтер Өтініш берушінің үстінен қамқоршылықтың белгіленуі немесе оны әрекетке қабілетсіз/әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы мәліметтер (бар болса) ** р/с №р/ р/н Қам­қор­шы­лық ту­ра­лы ше­шім­нің нө­мі­рі және кү­ні неме­се әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз/әре­кет­ке қа­бі­ле­ті шек­те­улі деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің нө­мі­рі мен кү­ні Ше­шім­ді бер­ген ор­ган Қам­қор­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), ту­ған кү­ні Қам­қор­шы­лы­ғын­да­ғы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Қам­қор­шы­лы­ғын­да­ғы­ның ту­ған кү­ні Күтім көрсетілетін адамның мүгедектігінің болуы туралы мәліметтер*** Р/с Мү­ге­дек­тің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) ЖСН Ту­ған кү­ні және жы­лы Мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу кү­ні Мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма анық­та­ма­сы­ның № 1 2 Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамды соттың әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы жөнінде деректердің болмауы туралы мәліметтер**** Р/с Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған кү­ні Құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның ата­уы Анық­та­ма № Анық­та­ма кү­ні 1 Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның психикалық денсаулық орталығында есепте тұруы жөнінде деректердің болмауы туралы мәліметтер***** р/с Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған кү­ні Құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның аты Анық­та­ма № Анық­та­ма кү­ні Банк де­ректе­ме­ле­рі: Банк­тің ата­уы­________________________________________________ Банк шо­ты­ның № ____________________________________________ Шот­тың үл­гі­сі: ағым­да­ғы ______________________________________ Элек­трон­дық ақ­ша­ның элек­трон­дық әми­ян ____________________________ ЕДБ деректемелері: Банктік сәйкестендіру коды____________________________________ Жеке сәйкестендіру коды______________________________________ Бизнес сәйкестендіру коды_____________________________________ Өтініш берушінің байланыс деректері: Телефон __________ ұялы _________ Электрондық мекенжай __________ *Өтініш беруші және күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады **Қамқоршы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады ***Мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорымен расталады ****Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамды соттың әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы жөнінде деректердің болмауы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады *****Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның психикалық денсаулық орталығында есепте тұруы туралы деректердің болмауы жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЭЦҚ-сымен расталады ******Өтініш берушінің банк деректемелерін ЕДБ (ЕДБ ЭЦҚ-сымен) растайды Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________________ Осымен деректердің дәйектілігін растаймын. Төленетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне/тоқтатылуына әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету), анкеталық деректердің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған жеке банк шотын немесе электрондық ақшаның электрондық әмиянын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілдім. Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы ____________________________ Өтінішке қол қойылған күн және уақыт: ___.____._____ жыл сағат ___ минут __ секунд. Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
Басқа 2. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 2-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 1-1-қосымша «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі Ең­бек, әле­умет­тік қор­ғау және кө­ші-қон ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет ұсы­ну тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: 1) ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік жәр­де­ма­қы (бұ­дан әрі - жәр­де­ма­қы) та­ғай­ын­да­у­ға ал­ғаш рет жү­гін­ген жағ­дай­да - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция; 2) мү­ге­дек­тік ал­ғаш рет бел­гі­лен­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші; 3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды; 4) ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тір­ке­ген сәт­тен ба­стап - 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні; Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі: ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың (құ­жат­тар­дың) дәй­ек­ті­лі­гін тек­се­ру неме­се қо­сым­ша құ­жат (құ­жат­тар) сұ­ра­ту үшін қа­жет­ті­гіне қа­рай іс­тер ма­те­ри­ал­да­рын же­те ре­сім­деу қа­жет болған жағ­дай­да - 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні мер­зі­міне ұзар­ты­ла­ды, бұл рет­те, егер құ­жат­тар же­те ре­сім­дел­се, мем­ле­кет­тік қыз­мет қо­сым­ша құ­жат­ты (құ­жат­тар­ды) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға ұсын­ған күн­нен ба­стап 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция өті­ніш бе­ру­ші­ні қо­сым­ша құ­жат­тар­ды ұсы­ну қа­жет­ті­гі ту­ра­лы 5 (бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де ха­бар­дар ете­ді; пор­тал­да ақ­па­рат алу үшін - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне элек­трон­дық сұ­рау са­лу түс­кен сәт­тен ба­стап 30 ми­нут; 2) құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда - 15 ми­нут, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де - кү­ту үшін уа­қыт та­лап етіл­мей­ді; 3) қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де - 30 ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда - 20 ми­нут. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де және (неме­се) про­ак­тив­ті және (неме­се) «бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі: жәр­де­ма­қы­ны та­ғай­ын­дау (та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы ха­бар­ла­ма. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де. Пор­тал­да жәр­де­ма­қы­ны та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат өті­ніш бе­ру­ші­нің «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мо­биль­ді те­ле­фо­ны­на sms-ха­бар жі­бе­ру ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны қа­был­дан­ған ше­шім ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді. Про­ак­тив­ті қыз­мет ар­қы­лы қыз­мет көр­се­ті­л­ген жағ­дай­да қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мо­биль­ді те­ле­фо­ны­на sms-ха­бар жі­бе­ру ар­қы­лы ұсы­ны­ла­ды. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын төлем­нің мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Жұ­мыс кесте­сі Жұ­мыс кесте­сі: 1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Қа­был­дау «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бін­де, өті­ніш бе­ру­ші­нің же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды; 2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге өті­ніш­ті қа­был­дау кесте­сі: са­ғат 13.00-ден ба­стап 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі 1. Өті­ніш бе­ру­ші (неме­се но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 3 мау­сым­да­ғы № 445 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау және тө­леу қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар) 1-қо­сым­ша­сы­ның 1 және 2-ны­са­ны­на сәй­кес, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 14 сәу­ір­де­гі № 223 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлер­ді мем­ле­кет­тiк тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11110 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Мем­ле­кет­тiк ба­за­лық зей­не­та­қы тө­ле­мiн бюд­жет қа­ра­жа­ты есебi­нен бе­ру, сон­дай-ақ жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­не­та­қы тө­лем­де­рін, мү­ге­дек­ті­гі бой­ын­ша, асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша бе­рі­ле­тін мем­ле­кет­тік әле­умет­тік жәр­де­ма­қы­лар­ды, мем­ле­кет­тік ар­найы жәр­де­ма­қы­лар­ды та­ғай­ын­дау және жү­зе­ге асы­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­ті, сон­дай-ақ мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды: Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (же­ке ку­ә­лік, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі, ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты, не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін); 2) кү­тім көр­се­ті­ле­тін адам­ға қам­қор­шы­лық (қор­ған­шы­лық) бел­гі­лен­ген жағ­дай­да – кү­тім көр­се­ті­ле­тін адам­ға қам­қор­шы­лық (қор­ған­шы­лық) бел­гі­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат; 3) мү­ге­дек­тік ту­ра­лы анық­та­ма (кү­тім көр­се­ті­ле­тін адам­ның кү­ті­мі бой­ын­ша жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау үшін); 4) Бай­қо­ңыр қа­ла­сы­ның тұр­ғын­да­ры үшін – ше­ка­ра­лас аумақ­та­ғы ел­ді ме­кен­де­гі тұр­ғы­лық­ты тұ­ра­тын же­рі бой­ын­ша тір­кел­ген­ді­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 5) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 8-ба­ға­ны­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген жәр­де­ма­қы алу­ға құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар. Көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­да қам­ты­л­ған ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер рас­та­ған жағ­дай­да, өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты, тұр­ғы­лық­ты тұ­ра­тын же­рін рас­тай­тын құ­жат­ты, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да 2007 жы­л­ғы 13 та­мы­здан кей­ін жүр­гі­зі­л­ген тір­ке­улер бой­ын­ша ба­ла­ның (ба­ла­лар­дың) ту­уы ту­ра­лы ку­ә­лі­гін (ку­ә­лік­те­рі) не туу ту­ра­лы ак­ті жа­з­ба­сы­нан үзін­ді кө­шір­ме­ні, неке қию ту­ра­лы ку­ә­лік­ті (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да 2008 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан кей­ін жүр­гі­зі­л­ген тір­ке­улер бой­ын­ша), ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма бө­лім­ше­сі­нің мү­ге­дек­тік ту­ра­лы анық­та­ма­ла­рын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер бір­рет­тік құ­пи­я­сөз бе­ру жо­лы­мен неме­се пор­тал­дың ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру жо­лы­мен пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі жағ­дай­ын­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен цифр­лық құ­жат­тар­ды ала­ды. 2. Жәр­де­ма­қы алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар: 1) Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі үшін – Ұлы Отан со­ғы­сы ар­да­ге­рі­нің ку­ә­лі­гі; 2) Ке­ңес Ода­ғы­ның Ба­тыр­ла­ры, Со­ци­а­ли­стік Ең­бек Ер­ле­рі, үш дә­ре­же­лі Даңқ ор­де­ні­нің, үш дә­ре­же­лі Ең­бек Даң­қы ор­де­ні­нің иегер­ле­рі үшін – на­гра­да­ның ку­ә­лі­гі және (неме­се) Ұлы Отан со­ғы­сы­на қа­ты­су­шы­ның неме­се мү­ге­де­гі­нің ку­ә­лі­гі; 3) «Қа­зақ­стан­ның ға­рыш­кер-ұш­қы­шы» құр­мет­ті ата­ғы­на ие болған адам­дар үшін – «Қа­зақ­стан­ның ға­рыш­кер-ұш­қы­шы» құр­мет­ті ата­ғы бе­рі­л­ге­нін рас­тай­тын құ­жат; 4) «Ха­лық қа­һар­ма­ны» ата­ғы­на ие болған адам­дар үшін – «Ха­лық қа­һар­ма­ны» ата­ғы бе­рі­л­ге­нін рас­тай­тын құ­жат; 5) «Қа­зақ­стан­ның Ең­бек Ері» ата­ғы­на ие болған адам­дар үшін – «Қа­зақ­стан­ның Ең­бек Ері» ата­ғы бе­рі­л­ге­нін рас­тай­тын құ­жат; 6) же­ңіл­дік­тер Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры­на те­ңе­сті­рі­л­ген адам­дар үшін: Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның қа­ты­суы­мен ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­ген қа­ла­лар мен жүр­гі­зі­л­ген ке­зең­дер тіз­бе­сі­нің және Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның қа­ты­суы­мен ұрыс қи­мыл­да­ры болған мем­ле­кет­тер, аумақ­тар және жүр­гі­зі­л­ген ке­зең­дер тіз­бе­сі­нің негі­зін­де: қор­ға­ны­сы­на қа­ты­су май­дан­да­ғы ар­мия бөлiм­дерiнiң әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi үшiн бел­гi­лен­ген жеңiл­дiк шар­тта­ры­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшiн ең­бек өт­кер­ген жыл­да­ры­на 1998 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­iн есеп­те­ле­тін қа­ла­лар­да Ұлы Отан со­ғы­сы кезiн­де қыз­мет ат­қар­ған әс­ке­ри қыз­мет­шiлер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы (бұ­дан әрі – КСР Ода­ғы) iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік; Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зін­де май­дан­да­ғы ар­мия құ­ра­мы­на кір­ген әс­ке­ри бө­лім­дер­де, шта­б­тар­да, ме­ке­ме­лер­де штат­тық ла­у­а­зым­да болған Ке­ңес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Те­ңіз Фло­ты­ның, бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның іш­кі іс­тер және мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік әс­кер­ле­рі мен ор­ган­да­ры­ның ерік­ті жал­да­ма құ­ра­ма­ла­ры­ның адам­да­ры неме­се ти­іс­ті ке­зең­де қор­ға­ны­сы­на қа­ты­су 1998 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін май­дан­да­ғы ар­мия бө­лім­де­рі­нің әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі үшін бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік шар­тта­ры­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшін ең­бек өт­кер­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ле­тін қа­ла­лар­да болған адам­дар үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік; Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зін­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот­тың құ­ра­мы­на кір­ген бө­лім­дер­дің, шта­б­тар мен ме­ке­ме­лер­дің құ­ра­мын­да полк ба­ла­сы (тәр­би­е­ле­ну­ші­сі) және те­ңіз­ші ба­ла ре­т­ін­де болған­дар үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік ; екін­ші дү­ни­е­жү­зі­лік со­ғыс жыл­да­рын­да шет ел­дер­дің ау­ма­ғын­да фа­ши­стік Гер­ма­ния мен оның одақ­та­ста­ры­на қар­сы ұрыс қи­мыл­да­ры­на пар­ти­зан от­ряд­та­ры, астыр­тын топ­тар және бас­қа да ан­ти­фа­ши­стік құ­ра­лым­дар құ­ра­мын­да қа­тыс­қан адам­дар үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік; Қа­ты­нас жол­да­ры ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты, Бай­ла­ныс ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты ар­найы құ­ра­ма­ла­ры­ның, кә­сіп­ші­лік және кө­лік ке­ме­ле­рі­нің жү­зу құ­ра­мы мен авиа­ци­я­ның ұшу-кө­те­ру құ­ра­мы­ның, бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы Ба­лық өнер­к­ә­сі­бі ко­мис­са­ри­а­ты­ның, Те­ңіз және өзен фло­ты­ның, Сол­тү­стік те­ңіз жо­лы Бас бас­қар­ма­сы­ның ұшу-кө­те­ру құ­ра­мы­ның Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зін­де әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер жағ­дай­ы­на кө­ші­рі­л­ген және ұрыс май­дан­да­ры­ның тыл­да­ғы шеп­те­рі, флот­тар­дың же­дел іс-қи­мыл жа­сау ай­мақ­та­ры ше­гін­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот мүд­де­ле­ріне орай мін­дет­тер ат­қар­ған қыз­мет­кер­ле­рі, сон­дай-ақ Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ба­стап­қы ке­зін­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дің порт­та­рын­да тұт­қын­дал­ған кө­лік фло­ты ке­ме­ле­рі эки­паж­да­ры­ның мү­ше­ле­рі – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік; қор­ша­уда­ғы ке­зе­ңін­де Ле­нин­град қа­ла­сы­ның кә­сі­по­рын­да­рын­да, ме­ке­ме­ле­рі мен ұй­ым­да­рын­да жұ­мыс іс­те­ген және «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшін» ме­да­лі­мен әрі «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гі­сі­мен на­град­тал­ған адам­дар үшін – «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшін» ме­да­ліне неме­се «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гі­сіне қо­са бе­рі­ле­тін ку­ә­лік неме­се 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік ; екін­ші дү­ни­е­жү­зі­лік со­ғыс ке­зін­де фа­ши­стер мен олар­дың одақ­та­ста­ры құр­ған конц­ла­гер­лер­дің, гет­то және бас­қа ерік­сіз ұстау орын­да­ры­ның жа­сы кәме­лет­ке тол­ма­ған бұ­рын­ғы тұт­қын­да­ры үшін - жа­сы кәме­лет­ке тол­ма­ған бұ­рын­ғы тұт­қын ку­ә­лі­гі неме­се екін­ші дү­ни­е­жү­зі­лік со­ғыс ке­зін­де фа­ши­стер мен олар­дың одақ­та­ста­ры құр­ған конц­ла­гер­лер­де, гет­то және бас­қа ерік­сіз ұстау орын­да­рын­да мәж­бүр­леп ұстал­ғанды­ғы ту­ра­лы ар­хив­тік анық­та­ма неме­се 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік; 1986-1987 жыл­да­ры Чер­но­быль атом элек­тро­стан­ци­я­сын­да­ғы (бұ­дан әрі - Чер­но­быль АЭС) апат­тың, сон­дай-ақ аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың за­рдап­та­рын жо­ю­ға қа­тыс­қан, сон­дай-ақ яд­ро­лық сы­нақ­тар­ға ті­ке­лей қа­тыс­қан адам­дар үшін - Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың за­рдап­та­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы ку­ә­лі­гі неме­се Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың неме­се аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың за­рдап­та­рын жо­ю­ға қа­тыс­қа­нын, яд­ро­лық сы­нақ­тар­ға ті­ке­лей қа­тыс­қа­нын рас­тай­тын құ­жат неме­се жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри та­ғай­ын­дау объ­ек­ті­ле­рін­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың за­рдап­та­рын жо­ю­ға қа­тыс­қан фак­ті­сін рас­тай­тын, яд­ро­лық сы­нақ­тар­ға ті­ке­лей қа­тыс­қа­нын рас­тай­тын анық­та­ма; 7) же­ңіл­дік­тер бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне те­ңе­сті­рі­л­ген адам­дар үшін: бұ­рын­ғы КСР Ода­ғын қор­ғау ке­зін­де, әс­ке­ри қыз­мет­тің өзге де мін­дет­те­рін бас­қа уа­қыт­та орын­дау ке­зін­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, за­қым­да­нуы сал­да­ры­нан неме­се май­дан­да бо­луы­на бай­ла­ны­сты, сон­дай-ақ Ауған­стан­да неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гі­зі­л­ген бас­қа мем­ле­кет­тер­де әс­ке­ри мін­де­тін өтеу ке­зін­де ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер үшін - әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер қа­та­рын­да­ғы мү­ге­дек екен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лі­гі (Ке­ңес Ар­ми­я­сы мү­ге­де­гі­нің же­ңіл­дік­тер­ге құқы­ғы ту­ра­лы), жа­ра­лан­ға­ны, кон­ту­зия алуы, за­қым­да­нуы, мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан со­ғыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан фак­ті­сін рас­тай­тын анық­та­ма неме­се 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік; әс­ке­ри мін­де­тін орын­дау ке­зін­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, за­қым­да­нуы сал­да­ры­нан не май­дан­да бо­луы­на неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тер­де әс­ке­ри мін­де­тін орын­да­уы­на бай­ла­ны­сты ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның және іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мын­да­ғы адам­дар үшін - 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік, жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, за­қым­да­нуы, мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның, Ұлт­тық Қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің ти­іс­ті анық­та­ма­сы; 1944 жы­л­ғы 1 қаң­тар­дан 1951 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін­гі ке­зең­де Укра­ин КСР-і, Бе­ла­русь КСР-і, Лит­ва КСР-і, Лат­вия КСР-і, Эс­тон КСР-і аумақ­та­рын­да іс-қи­мыл жа­са­ған ха­лық­ты қор­ғау­шы, жа­уды жо­ю­шы ба­та­льон­дар­дың, взвод­тар мен от­ряд­тар­дың жа­уын­гер­лер­мен ко­ман­да­лық құ­ра­мы қа­та­рын­да болған, осы ба­та­льон­дар­да, взвод­тар­да, от­ряд­тар­да қыз­мет­тік мін­де­тін ат­қа­ру ке­зін­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы неме­се за­қым­да­нуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік, жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, за­қым­да­нуы, мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан со­ғыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан фак­ті­сін рас­тай­тын анық­та­ма; бас­қа ел­дер­де іс-қи­мыл жа­са­ған әс­кер құ­рам­да­ры­на қыз­мет көр­сет­кен және ұрыс қи­мыл­да­рын жүр­гі­зу ке­зін­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы неме­се за­қым­да­нуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған ти­іс­ті са­нат­та­ғы жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­ші­лер үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік, жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, за­қым­да­нуы, мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, ти­іс­ті са­на­тын және бас­қа ел­дер­де қи­мыл жа­са­ған әс­кер құ­рам­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту сал­да­ры­нан мү­ге­дек бо­луын рас­тай­тын құ­жат; Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың, аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың, яд­ро­лық қа­ру­ды сы­на­удың сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар мен ата-ана­сы­ның бі­рі­нің ра­ди­а­ци­я­лық сәу­ле алуы се­бе­бі­мен мү­ге­дек­ті­гі тек­тік бай­ла­ны­с­та­ғы олар­дың ба­ла­ла­ры үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік, Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың неме­се аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың сал­да­ры­нан мү­ге­дек­ті­гі жө­нін­де­гі ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­га­ны аумақ­тық ор­га­ны­ның анық­та­ма­сы неме­се Ра­ди­а­ци­я­лық әсер­ге бай­ла­ны­сты ау­ру­дың се­беп­тік бай­ла­ны­сын анық­тау жө­нін­де­гі Өңір­лік са­рап­та­ма ке­ңе­сі­нің қо­ры­тындысы; 8) бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­ның ар­да­гер­ле­рі үшін: Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның қа­ты­су­мен бас­қа мем­ле­кет­тер ау­ма­ғын­да жүр­гі­зі­л­ген ұрыс қи­мыл­да­ры ке­зең­де­рі тіз­бе­сі­нің және Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның қа­ты­суы­мен ұрыс қи­мыл­да­ры болған мем­ле­кет­тер, аумақ­тар және жүр­гі­зі­л­ген ке­зең­дер тіз­бе­сі­нің негі­зін­де: бас­қа мем­ле­кет­тер­дің аумақ­та­рын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­ты­су­шы­лар, атап ай­тқан­да: бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы үкі­мет­тік ор­ган­да­ры­ның ше­шім­де­ріне сәй­кес бас­қа мем­ле­кет­тің аумақ­та­рын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан Ке­ңес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Те­ңіз фло­ты­ның, Мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі, бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің қа­тар­да­ғы және бас­қа­ру­шы құ­ра­мы­ның адам­да­ры (әс­ке­ри ма­ман­дар мен ке­ңес­ші­лер­ді қо­са есеп­те­ген­де); жат­тығу жиын­да­ры­на ша­қы­ры­лып, ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гі­зі­л­ген ке­зең­де Ауған­стан­ға жі­бе­рі­л­ген әс­ке­ри мін­дет­ті­лер; ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гі­зі­л­ген ке­зең­де осы ел­ге жүк жет­кі­зу үшін Ауған­стан­ға жі­бе­рі­л­ген ав­то­мо­биль ба­та­льон­да­ры­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі; бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ау­ма­ғы­нан Ауған­стан­ға жа­уын­гер­лік тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау үшін ұшу­лар жа­са­ған ұшу құ­ра­мы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі; Ауған­стан­да­ғы ке­ңес әс­ке­ри құ­ра­мы­на қыз­мет көр­сет­кен жа­ра­лан­ған, кон­ту­зия ал­ған неме­се за­қым­дан­ған не ұрыс қи­мыл­да­рын қам­та­ма­сыз ету­ге қа­тыс­қа­ны үшін бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ор­ден­де­рі­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­ші­лер үшін - 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік, жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан бас­қа мем­ле­кет ау­ма­ғын­да со­ғыс қи­мыл­да­ры­на қа­тысқанды­ғын рас­тай­тын анық­та­ма неме­се бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тысқанды­ғы ту­ра­лы бел­гі со­ғы­л­ған әс­ке­ри би­лет, Ауған­стан­да­ғы ке­ңес әс­ке­ри құ­ра­мы­на қыз­мет көр­сет­кен­ді­гін рас­тай­тын құ­жат және жа­ра­лан­ған, кон­ту­зия ал­ған неме­се за­қым­дан­ға­нын рас­тай­тын ме­ди­ци­на­лық құ­жат­тар, ұрыс қи­мыл­да­рын қам­та­ма­сыз ету­ге қа­тыс­қа­ны үшін бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ор­ден­де­ріне және ме­даль­да­ры­на қо­са бе­рі­ле­тін ку­ә­лік; Тә­жікс­тан-Ауған­стан учас­ке­сін­де Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығ­ы­ның ше­ка­ра­сын қор­ғауды кү­шей­ту жө­нін­де­гі мем­ле­ке­та­ра­лық шар­ттар мен ке­лі­сім­дер­ге сәй­кес мін­дет­те­рін орын­да­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі – Тә­жікс­тан-Ауған­стан учас­ке­сін­де Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығ­ы­ның ше­ка­ра­сын қор­ғау­ға қа­тысқанды­ғын рас­тай­тын жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан анық­та­ма; Ирак­та­ғы ха­лы­қа­ра­лық бі­тім­гер­ші­лік опе­ра­ци­я­ға бі­тім­гер­лер ре­т­ін­де қа­тыс­қан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі – Ирак­та­ғы ха­лы­қа­ра­лық бі­тім­гер­ші­лік опе­ра­ци­я­ға қа­тысқанды­ғын рас­тай­тын жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан анық­та­ма; Та­у­лы Қа­ра­бах­та­ғы эт­но­са­ра­лық қақ­тығ­ы­сты рет­те­у­ге қа­тыс­қан әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы іш­кі іс­тер және мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның қа­тар­да­ғы және бас­шы құ­ра­мы­ның адам­да­ры – Та­у­лы Қа­ра­бах­та­ғы эт­но­са­ра­лық қақ­тығ­ы­сты рет­те­у­ге қа­тысқанды­ғын рас­тай­тын жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан анық­та­ма; 9) Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да қа­за тап­қан (қай­тыс болған, ха­бар-ошар­сыз кет­кен) жа­уын­гер­лер­дің ата-ана­ла­ры мен қай­та­дан неке­ге отыр­ма­ған же­сір­ле­рі үшін - әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің қай­тыс болғанды­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се ха­бар­ла­ма неме­се жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан ха­бар-ошар­сыз ке­ту фак­ті­сі ту­ра­лы анық­та­ма, әс­ке­ри қыз­мет­ші­ге туы­стық жа­қынды­ғын рас­тай­тын құ­жат (неке ту­ра­лы ку­ә­лік, ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі); 10) қай­тыс болған со­ғыс мү­ге­де­гі­нің және олар­ға те­ңе­сті­рі­л­ген мү­ге­дек­тер­дің қай­та­дан неке­ге тұр­ма­ған зай­ы­бы (жұ­байы), сон­дай-ақ қай­тыс болған со­ғы­сқа қа­ты­су­шы­лар­дың, пар­ти­зан­дар­дың, астыр­тын кү­рес жүр­гіз­ген­дер­дің, «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшін» ме­да­лі­мен неме­се «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гі­сі­мен на­град­тал­ған, жал­пы ау­ру­дың, ең­бек жа­ра­қа­ты­ның сал­да­ры­нан және бас­қа да се­беп­тер­ден (заң­ға қар­сы әре­кет­тер­ден бас­қа) мү­ге­дек деп та­ны­л­ған аза­мат­тар­дың зай­ы­бы (жұ­байы) үшін - неке ту­ра­лы ку­ә­лік, жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) қай­тыс болғанды­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік, жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) мү­ге­дек­ті­гін рас­тай­тын құ­жат; 11) Ауған­стан­да­ғы неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гі­зі­л­ген бас­қа мем­ле­кет­тер­де­гі ұрыс қи­мыл­да­ры ке­зе­ңін­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, за­қым­да­нуы, ау­руы сал­да­ры­нан қа­за тап­қан (ха­бар-ошар­сыз кет­кен) неме­се қай­тыс болған әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­дің от­ба­сы­ла­ры үшін – қа­за тап­қан (қай­тыс болған) адам­ның өлі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се ку­ә­лік, әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің қа­за тап­қан неме­се ха­бар-ошар­сыз кет­кен фак­ті­сі ту­ра­лы жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан анық­та­ма, қа­за тап­қан адам­мен туы­стық жа­қынды­ғын рас­тай­тын құ­жат (неке ту­ра­лы ку­ә­лік, ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі); бей­біт уа­қыт­та әс­ке­ри қыз­ме­тін өт­ке­ру ке­зін­де қа­за тап­қан (қай­тыс болған) әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­дің от­ба­сы­ла­ры үшін – қа­за тап­қан (қай­тыс болған) адам­ның өлі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се ку­ә­лік, әс­ке­ри қыз­мет­ші­нің бей­біт уа­қыт­та әс­ке­ри қыз­ме­тін өт­ке­ру ке­зін­де қа­за тап­қан неме­се ха­бар-ошар­сыз ке­ту фак­ті­сі ту­ра­лы жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­нан анық­та­ма, қа­за тап­қан адам­мен туы­стық жа­қынды­ғын рас­тай­тын құ­жат (неке ту­ра­лы ку­ә­лік, ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі); қыз­мет мін­дет­те­рін ат­қа­ру ке­зін­де қа­за тап­қан іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің от­ба­сы­ла­ры үшін – қа­за тап­қан (қай­тыс болған) адам­ның өлі­мі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се ку­ә­лік, қыз­мет мін­дет­те­рін ат­қа­ру ке­зін­де қа­за та­бу фак­ті­сін рас­тай­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­нан анық­та­ма неме­се құ­жат, қа­за тап­қан адам­мен туы­стық бай­ла­ны­сын рас­тай­тын құ­жат (неке ту­ра­лы ку­ә­лік, ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі); Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың за­рдап­та­рын жою ке­зін­де қа­за тап­қан адам­дар­дың от­ба­сы­ла­ры үшін – қа­за тап­қан адам­ның өлі­мі ту­ра­лы ку­ә­лік, Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың за­рдап­та­рын жою ке­зін­де қай­тыс болға­нын рас­тай­тын құ­жат, қа­за тап­қан адам­мен туы­стық жа­қынды­ғын рас­тай­тын құ­жат (неке ту­ра­лы ку­ә­лік, ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі); сәу­ле­ле­ну ау­руы сал­да­ры­нан қай­тыс болған­дар­дың неме­се қай­тыс болған мү­ге­дек­тер­дің, сон­дай-ақ өлі­мі Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың әсер ету­іне бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бай­ла­ны­сты болған аза­мат­тар­дың от­ба­сы­ла­ры үшін – сәу­ле­ле­ну ау­руы сал­да­ры­нан қай­тыс болған адам­ның неме­се қай­тыс болған мү­ге­дек­тің, сон­дай-ақ өлі­мі Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­де­гі бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың әсер ету­іне бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бай­ла­ны­сты болған аза­мат­тың өлі­мі ту­ра­лы ку­ә­лік, өлім­нің ра­ди­а­ци­я­лық әсер ету сал­да­ры­нан болға­нын рас­тай­тын құ­жат, қа­за тап­қан адам­мен туы­стық жа­қынды­ғын рас­тай­тын құ­жат (неке ту­ра­лы ку­ә­лік, ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі); 12) Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да тыл­да­ғы қа­жыр­лы ең­бе­гі мен қалт­қы­сыз әс­ке­ри қыз­ме­ті үшін Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ор­ден­де­рі­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған адам­дар үшін – 1992 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша қол­да­ны­ста болған ны­сан­дар бой­ын­ша бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ти­іс­ті ор­ган­да­ры бер­ген ку­ә­лік неме­се на­град­тау ку­ә­лі­гі неме­се ар­хив­тік анық­та­ма неме­се на­град­та­лу фак­ті­сі ту­ра­лы жа­з­ба­сы бар ең­бек кі­тап­ша­сы; 13) 1941 жы­л­ғы 22 мау­сым­нан ба­стап 1945 жы­л­ғы 9 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­да, ке­мін­де 6 ай жұ­мыс іс­те­ген (қыз­мет өт­кер­ген) және Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да тыл­да­ғы қа­жыр­лы ең­бе­гі мен қалт­қы­сыз әс­ке­ри қыз­ме­ті үшін бұ­рын­ғы КСР Ода­ғы­ның ор­ден­де­рі­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ма­ған адам­дар үшін – ең­бек кі­тап­ша­сы неме­се 1941 жы­л­ғы 22 мау­сым­нан ба­стап 1945 жы­л­ғы 9 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­да, жұ­мысы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын өзге де құ­жат­тар, 1941 жы­л­ғы 22 мау­сым­нан ба­стап 1945 жы­л­ғы 9 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­да, әс­ке­ри қыз­мет ке­зе­ңі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын әс­ке­ри би­лет неме­се анық­та­ма. Сон­дай-ақ, 1941 жы­л­ғы 22 мау­сым­нан ба­стап 1945 жы­л­ғы 9 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­да, жұ­мысы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын құ­жат­тар­ға: жұ­мыс ор­ны, сон­дай-ақ ар­хив ме­ке­ме­ле­рі бер­ген жұ­мыс ке­зең­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рі бар құ­жат­тар; бұй­рық­тар­дан, же­ке шот­та­ры мен жа­ла­қы тө­ле­у­ге ар­нал­ған ве­до­мо­стар­дан үзін­ді кө­шір­ме­лер; ком­му­ни­стік пар­тия неме­се кә­сі­по­дақ мү­ше­ле­рі­нің мү­ше­лік би­лет­те­рі неме­се есеп кар­точ­ка­ла­ры; қыз­ме­тін бұ­рын қол­да­ны­ста болған заң­на­ма­ға сәй­кес жү­зе­ге асы­рып кел­ген жұ­мыс өті­лін бел­гі­леу жө­нін­де­гі, зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­лар­дың ше­шім­де­рі; сот ше­шім­де­рі; ар­найы ко­мис­си­я­лар­дың ше­шім­де­рі; 1998 жы­л­ға дей­ін бе­рі­л­ген же­ңіл­дік­тер­ді алу­ға құқы­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік; фаб­ри­ка-за­уыт учи­ли­ще­ле­рін­де оқу фак­ті­сін рас­тай­тын анық­та­ма­лар жа­та­ды. 14) 1988-1989 жыл­дар­да Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі апат­тың сал­да­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­лар, қо­ныс ауда­ру кү­ніне құр­сақ­та болған ба­ла­ла­рын қо­са ал­ған­да, оқ­ша­у­лау және қо­ныс ауда­ру ай­ма­ғы­нан (өз бе­ті­мен кет­кен) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қо­ныс аудар­ған­дар қа­та­рын­да­ғы адам­дар үшін – Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі ава­ри­я­ны жо­ю­ға қа­ты­су­шы­ның ку­ә­лі­гі неме­се Чер­но­быль АЭС-ін­де­гі ава­ри­я­ны жо­ю­ға қа­ты­су фак­ті­сін рас­тай­тын құ­жат, ба­ла­лар­дың туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі; 15) Бай­қо­ңыр қа­ла­сын­да тұ­рып жа­тқан I, II және III топ­та­ғы мү­ге­дек­тер, оның ішін­де 7-дан 18 жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек ба­ла­лар үшін - мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мү­ге­дек­ті­гі бой­ын­ша зей­не­та­қы ала­ты­нын рас­тай­тын құ­жат; 16) Бай­қо­ңыр қа­ла­сын­да тұ­рып жа­тқан 7 жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек ба­ла­лар үшін – мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес мү­ге­дек­ті­гі бой­ын­ша зей­не­та­қы ала­ты­нын рас­тай­тын құ­жат; 17) са­я­си қу­ғын-сүр­гін құр­бан­да­ры, мү­ге­дек­ті­гі бар неме­се зей­нет­кер бо­лып та­бы­ла­тын са­я­си қу­ғын-сүр­гін­дер­ден за­рдап шек­кен адам­дар үшін – мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма, зей­нет­кер­лік ку­ә­лік, ақ­тал­ған аза­мат­тың ку­ә­лі­гі неме­се про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры­нан неме­се іш­кі іс­тер неме­се ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­нан ақ­тал­ға­ны ту­ра­лы анық­та­ма­ла­ры неме­се ақ­тал­ға­ны ту­ра­лы сот­тың ше­ші­мі; 18) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ал­дын­да сі­ңір­ген ерекше ең­бе­гі үшін зей­не­та­қы та­ғай­ын­дал­ған адам­дар үшін – дер­бес зей­нет­кер ку­ә­лі­гі неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ми­ни­стр­лер Ка­би­не­ті жа­нын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ал­дын­да сі­ңір­ген ерекше ең­бе­гі үшін зей­не­та­қы бел­гі­леу жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ал­дын­да сі­ңір­ген ерекше ең­бе­гі үшін зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ше­ші­мі­нен үзін­ді кө­шір­ме; 19) кү­тім­ді жү­зе­ге асы­ру­шы ре­т­ін­де ай­қын­дал­ған адам үшін: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (же­ке ку­ә­лік, аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі, ше­тел­дік­тің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты, не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін). Кү­тім көр­се­ті­ле­тін қан­дас мәр­те­бе­сі бар адам­дар кү­тім­ді жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ға жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­да­у­ға жү­гін­ген жағ­дай­да сәй­кестен­ді­ру үшін қан­дас ку­ә­лі­гін ұсы­на­ды; жәр­де­ма­қы бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк шо­ты­ның нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын құ­жат – сәй­кестен­ді­ру үшін; кү­тім жа­сау үшін ай­қын­дал­ған адам­ның әре­кет­ке қа­бі­лет­ті­лі­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат бой­ын­ша ЖТМД ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де тек­се­рі­ле­ді; пси­хи­ка­лық ден­са­улық сақ­тау ор­та­лы­ғын­да есеп­те тұ­ру фак­ті­сі­нің бол­мауы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. 3. Пор­тал­да ақ­па­рат алу үшін: Өті­ніш бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі Мы­на­лар: 1) өті­ніш бе­ру­ші мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін бел­гі­леу; 2) өті­ніш бе­ру­ші­нің осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 8-ба­ға­нын­да көр­се­ті­л­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың то­лық емес топ­та­ма­сын және (неме­се) мер­зі­мі өт­кен құ­жат­тар­ды ұсы­нуы; 3) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы бұй­рық­та бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 4) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­ядан жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сін рас­тай­тын ақ­па­рат алу мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз бо­лып та­бы­ла­ды. Же­ке кө­мек­ші­нің әле­умет­тік қыз­ме­тін ұсы­ну фак­ті­сі болған кез­де (кү­тім­ді жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ға жәр­де­ма­қы­ны та­ғай­ын­дау үшін) өті­ніш бе­ру­ші­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді. Өті­ніш бе­ру­ші құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ныс мер­зі­мі өт­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­ті қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар 1. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 2. Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ді, өз бе­тін­ше жү­ріп-тұ­ру­ды, бағ­дар­ла­уды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан өті­ніш бе­ру­ші­лер 1414, 8 800 080 77 77 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гін­ген­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді. 3. ЭЦҚ-сы болған кез­де өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ста­ту­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. 4. «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес про­ак­тив­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ар­қы­лы жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дал­ған кез­де «Ха­лық қа­һар­ма­ны» ата­ғы­на ие болған адам­дар­ға және «Қа­зақ­стан­ның Ең­бек Ері» ата­ғы­на ие болған адам­дар­ға жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы өті­ніш­ті бе­ру та­лап етіл­мей­ді. 5. Про­ак­тив­ті қыз­мет ар­қы­лы кү­тім­ді жү­зе­ге асы­ра­тын адам­ға бе­рі­ле­тін жәр­де­ма­қы­ны та­ғай­ын­дау қыз­мет көр­се­ту субъ­ек­ті­сі­нің ба­ста­ма­сы бой­ын­ша ұсы­ны­ла­ды, оны көр­се­ту үшін ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған қыз­мет­ті алу субъ­ек­ті­сі­нің мін­дет­ті ке­лі­сі­мі қа­жет. 6. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­бил­ді қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған қол­да­ну­шы­лар­ға қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір­рет­тік құ­пи­я­сө­зді пай­да­ла­ну ар­қы­лы мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­ядан өту, со­дан кей­ін «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау ке­рек.
Басқа 3. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 3-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 2-қосымша Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу
Тармақ 1
1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіден өтініш берушінің санатына байланысты жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 4-бабы 7) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау кезінде жасына байланысты зейнетақы төлемін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындау туралы;
Тармақша 4
4) Заңның 4-бабы 7) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау кезінде «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлеміне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі қосымша төлем алу туралы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітіліген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10589 тіркелген) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамалар;
Тармақша 6
6) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік реквизиттері туралы;
Тармақша 7
7) орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің коды туралы;
Тармақша 8
8) күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның жеке басты куәландыратын;
Тармақша 9
9) күтім көрсетілетін адамда бірінші топтағы мүгедектігінің болуы (күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін);
Тармақша 10
10) соттың әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы фактісінің болмауы (күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам үшін);
Тармақша 11
11) «ЖТМД» АЖ-дан күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам жасының он сегізден жас болмауын анықтау (күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін);
Тармақша 12
12) психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің болмауы (күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам үшін);
Тармақша 13
13) күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның тұрақты тұрғылықты жерінің тіркелуінің болуы (күтімді жүзеге асыратын адамның және күтім көрсетілетін адамның бір қала және (немесе) аудан шегінде тұру фактісін растау үшін). Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің және «электрондық үкімет» шлюзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Басқа 4. Өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама ______________________________________________________ (түрін көрсету) 20__ жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 4-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 7-қосымша Нысан Өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама ______________________________________________________ (түрін көрсету) 20__ жылғы «___» ______________ Азамат (ша)___________________________________________________ ______________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні _____ жылғы «___» __________________ Өтініш берген күні 20__ жылғы «___» ___________ Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі бойынша тағайындау, төлеу немесе өтініш беру, сондай-ақ жеке көмекшінің қызметін ұсыну (күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін) фактісі расталды ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
Басқа 5
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 5-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 7-1 қосымша Нысан 20__ жылғы «___» _____________ Азамат (ша) ___________________________________________________ ______________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні ____ жылғы «___» ____________ Қамқоршы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жүгінген күні 20__ жылғы «___» ____________ Төлем тағайындау үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынбау, ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну, төлемге құқығының болмауы себебі бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды. ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Басқа 6
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 6-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 11-қосымша Нысан Код ___________________________ Облыс (қала) __________________ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің _____________________ облысы (қаласы) бойынша Істің № _______ Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы Азамат (ша)____________________________________________________ ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Жынысы: _______ Туған күні: _____ жылғы «____» _____________ Өтініш берілген күн 20____ жылғы «___» _____________ № ______ ___________________________________________________________ (мүгедек баланың ата-анасының/асырап алушысының, күтімді жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) I. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 7-бабының ___ тармақшасына сәйкес __________________________________ санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалсын. Айлық жәрдемақы мөлшері 20___ жылғы «____» ____ бастап 20___ жылғы «__» ___ қоса алғандағы мерзімге ______________ теңге сомасында _____ (сомасы жазумен) II. Тағайындаудан бас тартылсын: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (негіз) Департамент басшысы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Басқарма (бөлім) басшысы ______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Маман ____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім жобасын дайындағандар: Мемлекеттік корпорация облыстық филиалының директоры ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация облыстық филиалының маманы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы _____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 7. _______________________________ тағайындау (төлемнің түрі) туралы № ________ хабарлама 20__ жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 7-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 13-қосымша Нысан _______________________________ тағайындау (төлемнің түрі) туралы № ________ хабарлама 20__ жылғы «___» ____________ Азамат (ша)_____________________________________________________ _____________________________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні ____ жылғы «___» ____________ Тағайындау туралы 20__ жылғы «___» ______ № _______ шешім Тағайындалған сома: 20__ жылғы «___» ____________ бастап _______________________________________________________________ ___________________ теңге (сомасы жазбаша) * күтімді жүзеге асырушы адамға жәрдемақы 20 ___ _______-дан 20___ ______-ге дейін Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды ____________________________________________________________________ (жауапты адамның лауазымы және тегі, аты,әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 8. ________________________________________ төлеу (төлемнің түрі) туралы № ________ хабарлама 20__ жылғы «___» ____________
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 8-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 13-1-қосымша ________________________________________ төлеу (төлемнің түрі) туралы № ________ хабарлама 20__ жылғы «___» ____________ Азамат (ша)____________________________________________________ ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні ____ жылғы «___» ____________ Төлеу күні ай сайын « » _________ ерте емес. күні Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылды _______________________________________________________________ (жауапты адамның лауазымы және тегі, аты,әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 9. Sms-хабарлар журналы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 9-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 15-қосымша Нысан Sms-хабарлар журналы _________________________ (төлемнің түрі) Тағайындау/ Төлеу Р/с № Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) Ту­ған кү­ні Іс­тің № Төлем­нің тү­рі sms-ха­бар жі­бе­ру кү­ні Те­ле­фон нө­мі­рі Ма­ман
Басқа 10
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 10-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 16-қосымша Нысан Код ___________________________ Облыс (қала) __________________ ______________________ облысы (қаласы) бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің 20___ жылғы «___» № ________ Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы көлемін өзгерту туралы Азамат (ша) ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Жынысы: ________________ туған күні: _____ жылғы «____» _____________ ______________ санаты бойынша жәрдемақы көлемі 20 __ жылғы «__» ______ дейін _______________________________________________ (сомасы жазбаша) Айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақының жаңа көлемі бекітілсін: ____________________________________________________________ (нормативті құқықтық актінің нөмірі және күні, атауы) 20__жылғы «__» ________ жәрдемақы көлемі _____________________________________________________________ (сомасы жазбаша) Департамент басшысы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Басқарма (бөлім) басшысы _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Маман _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім жобасын дайындағандар: Мемлекеттік корпорация облыстық филиалының директоры ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация облыстық филиалының маманы ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 11
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 396 бұйрыққа 11-қосымша Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 17-қосымша Нысан Код ______________________ Облыс (қала) _____________ ______________________ облысы (қаласы) бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің 20___ жылғы «___» № ________ Шешім мерзімінің ұзартылуы және (немесе) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы көлемінің өзгеруі, қамқоршының немесе алушының ауысуы туралы Азамат (ша) ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Жынысы: ________________ Туған күні: _____ жыл «____» _______________ Өтініш күні _____ жыл «____» __________ № _______ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (ата-анасының/мүгедек бала қамқоршысының, күтімді жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________________________ ____________________________ арнаулы мемлекеттік жәрдемақы санаты I. 20 ___ ________ № ___ арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы шешімінің қолдану мерзімін ұзарту: Жәрдемақы 20 __ жылғы _______ бастап, 20 __жылғы ________ дейін __________сомасында __________ теңге көлемінде бекітілсін II. Тағайындаудан бас тартылсын _______________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (негіздеме) Департамент басшысы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Басқарма (бөлім) басшысы _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Маман ________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім жобасын дайындағандар: Мемлекеттік корпорация облыстық филиалының директоры _________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация облыстық филиалының маманы __________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы ________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы _________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)