О признании утратившими силу приказов Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 46 «Об утверждении норм снабжения топографическими и специальными картами и каталогами координат геодезических пунктов органов национальной безопасности Республики Казахстан» и от 4 марта 2019 года № 12/қе «О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 46 «Об утверждении норм снабжения топографи Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 және «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 4 наурыздағы № 12/қе бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11558 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 4 наурыздағы № 12/қе бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18369 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі _________________________ 20___ жылғы «___»________