О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 46 «Об утверждении норм снабжения топографическими и специальными картами и каталогами координат геодезических пунктов органов национальной безопасности Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11558 тіркелген,«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларында:
2-бағанда:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі(Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі)»;
реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;
ескертпеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны көрсетілмеген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары топографиялық және арнайы карталармен ҰҚК Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі үшін қарастырылған нормалар бойынша қамтамасыз етіледі».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстана Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Ә. Смайылов
_______________________
2019 жылғы «___» ________