О внесении изменения в постановление акимата Бурлинского района от 3 ноября 2015 года №822 «Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бурлинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы №822 «Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы №822 «Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4165 тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 4 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ақсай қаласы әкімінің аппараты», «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі», «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д. Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Кушкинбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 6. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің «Ақсай қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін Аралтал ауылындағы балаларды тасымалдау схемасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 9 қаулысына қосымша Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы №822 қаулысына 4 қосымша «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің «Ақсай қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейін Аралтал ауылындағы балаларды тасымалдау схемасы