О внесении изменения в постановление акимата Алматинской области от 3 марта 2016 года № 110 «Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоёмов местного значения» Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 110 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 3 наурыздағы № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, 2016 жылдың 30 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Алматы облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Алматы облысы әкімдігінің
2020 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 345 қаулысына қосымша
Алматы облысы әкімдігінің
2016 жылғы 3 наурыздағы
№ 110 қаулысына қосымша
Алматы облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
Орналасқан ауданы
Көлдер
Су қоймалары
1
2
3
Алакөл
1. Шошқалы
2. Тереңкөл
3. Жасылкөл
4. Майқанкөл
5. Қоржынкөл
6. Сапи
7. Қамысты көлі (Белое)
8. Қисықкөл
9. Сарыкөл
10. Бестерек көлдері
1. Дәулет
2. Сатыбай
3. Шүмек
4. Абжанов
5. Жазылбеков
6. Колесников
Ақсу
1. Бакланье көлі
2. Құрақсу көлдерінің жүйесі
3. Тұщы Рай көлдері
4. Телібай көлдері
5. Сарыкөл
6. Клинковое көлі
7. Құлынды көлдер жүйесі
8. Тобынды көлдер жүйесі
9. Үшкөл көлдері
10. Целинное көлі
1.Қызылағаш
Балқаш
1.Тумаш –Ноғас
2.Қарашаш
3.Құмарал
4.Ернат көлі
Ескелді
1.Айсу
Еңбекшіқазақ
1.Михайлов
2.Әулиебұлақ-2
3.Қонаев
4.Алтынкөл
5.Жетікөл
6.Азурманка-1
7.Азурманка-2
1.Натали
2.Бартоғай
Іле
1.Муларды
2.Жаңадәуір
3.Өгізбай
Қарасай
1. Ақбұлақ
Қаратал
1. Қаңбақты
2. Ащысу
3. Қанабек
4. Келте
5. Ащыкөл
6. Тамыркөл
7. Бөкпен
8. Сарыбұлақ
9. Қарабас төгілімдері
10. Қара-бала
11. Қаракөл (кіші)
12. Сертай
13. Ағабек
14. Бескөл
15. Үшкөл
Панфилов
1. Алтынкөл
2. Дубчункөл
3. Сарыкөл
4. Жидекөл
5. Құндызды
6. Кіші Подкова
7. Өсек
8. Соркөл
9. Үлкен Подкова
10. Жолманды
Талғар
1.Али
2.Төрекөл
1. Жаңалық
Ұйғыр
1. Деревянное
1. Қосағаш
Сарқан
1.Алтай көлдері
2.Тораңғы көлі
3.Ақкөл
4.Қоқышкөл
5.Ақтілек
6.Тазакөл
7.Жақан