О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 марта 2017 года № 10-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 16-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
Тармақ 16
«16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы мен тізімін ұсыну бойынша, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.»; 17-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
Тармақ 17
«17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз тоқсан сайын жол жүру құны мөлшерінде көрсетіледі.»; Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
Тармақша 19
«19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оған теңестірілген адамдардың, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдардың басқа да санаттарының, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдардың, жалпы аурулар бойынша 1, 2, 3 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балаларды алып жүретін азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағы бойынша мына көліктердің бірімен жөнелту станциясынан госпиталдау орнына дейін және кейін теміржол (плацкартты вагон), автомобиль жолушылар көлігімен (таксиден басқа) жүруге мұқтаждығы;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ______________________ Қ. Ақсақалов 2019 жылғы «___» _____________