О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 3 ноября 2017 года № 126 «Об утверждении положений о прокуратурах областей и приравненных к ним прокуратурах» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 3 қарашадағы №126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Прокуратура туралы» Заңның 37-бабының 4) және 9) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 126 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қазанда электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының прокуратурасы туралы ереже;»;
Тармақша 2
2) аталған бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада: бүкіл мәтін бойынша «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) аталған бұйрықпен бекітілген 17-қосымшада: 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «9.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.».
Тармақша 4
4) аталған бұйрықпен бекітілген 18-қосымшада: 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Астана қаласының прокуроры, Бас әскери прокурор және Бас көлік прокуроры заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) бір айлық мерзімде өз актілерін осы бұйрыққа сәйкес келтіруді;
Тармақша 2
2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерi мен жұмыскері таныстырылсын.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.