О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 3 марта 2017 года № 18 «О некоторых вопросах Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 18 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: осы бұйрыққа 15-қосымшада: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қазыбекби көшесі, № 202 Б үй.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi С.Қ. Жақыповаға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.