О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 августа 2017 года № 412 «Об утверждении тарифов на оказываемые услуги, предоставляемые на платной основе» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15624 болып тіркелген, 2017 жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы «___» _____ №_____ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығымен бекітілді Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер № Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы филиалының атауы Көрсетілетін қызметтер атауы Құны (теңге) 1 сағаттан айына 12 сабақ бір рет болу ересек адам балалар ересек адам балалар 043 көрсетілетін қызметтер түрі – Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер 1 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы қаласы) Бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған тренажер залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 10 000 2 Судағы даярлық орталығы Бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған жекпе-жек күрес және гимнастика түрлері бойынша спорттық сабақтар (дзюдо, акробатика, бокс, каратэ) 3 000 Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 10 000 5 000 1 000 500 3 Спорт кешені (филиал, Алматы қаласы) Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 11 000 7 000 1 100 700 Бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған тренажер залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 6 000 044 көрсетілетін қызметтер түрі – Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу) 4 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы қаласы) Тәулігіне бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу 8 000 Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз, тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу 6 000 5 Судағы даярлық орталығы Тәулігіне бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу 4 000 Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз, тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу 2 000 6 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы Щучинск қаласы) Тәулігіне бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу 5 500 Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз, тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу 2 500 Тәулігіне бір спортшыға тамақтанусыз және тұрусыз шаңғы-роллер трассасында оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу 1 500 7 Спорт кешені (филиал, Алматы қаласы) Жүзу бассейнінде спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін 12 000 Спорт залында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін 6 000 045 көрсетілетін қызметтер түрі – Спорттық құралдарды және спорттық құрылыстарды беру жөніндегі қызметтер 8 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы қаласы) Жаппай іс-шараларды өткізу үшін спорттық құрылыстарды беру (ұзақтығы 2 тәуліктен аспайтын) 2 000 000 (1000-нан артық, бірақ 2000 қатысушыдан аспайтын) 1 000 000 (1000 қатысушыдан аспайтын) Спорттық құрылыстарды беру (гимнастика залы), 1 сағат үшін 10 000 Спорттық құрылыстарды беру (спорт залы), 1 сағат үшін 6 000 Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы мен мини футбол алаңы), 1 сағат үшін 25 000 9 Судағы даярлық орталығы Спорттық құрылыстарды беру (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) 3 000 Спорттық құрылыстарды беру (спорт зал), 1 сағат үшін 4 000 Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы), 1 сағат үшін 5 000 10 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы Щучинск қаласы) Спорттық құралдарды беру (шаңғы, қарда жүретін көлік, коньки, плюшкалар, велосипедтер), 1 сағат үшін 500