О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 августа 2017 года № 412 «Об утверждении тарифов на оказываемые услуги, предоставляемые на платной основе» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15624 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтер бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің ақылы негізде көрсетілетін қызметтеріне тарифтер
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 1 шілдесі № 305 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығымен бекітілді Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің ақылы негізде көрсетілетін қызметтеріне тарифтер Р/с № Мекеменің (филиал) атауы Көрсетілетін қызметтер атауы Құны (теңге) 1 сағаттан айына 12 сабақ бір рет болу ересек адам балалар ересек адам балалар 043 көрсетілетін қызметтер түрі – Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер 1 Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Тренажер залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 8 000 Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 10 000 7 000 1 000 700 Спорт және ойын залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 6 000 2 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилова к.) Спорт және ойын залындағы дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 3 000 Жүзу бассейнінде дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары 10 000 5 000 1 000 500 044 көрсетілетін қызметтер түрі – Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалар мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу) Р/с № Мекеменің (филиал) атауы Көрсетілетін қызметтер атауы Құны (теңге) 3 Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Бір спортшыға тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 2 500 Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 4 000 Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен, монша процедураларымен (қалпына келтіру) аптасына 1 рет оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, трансфер, 1 тәулік үшін 5 000 Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен, монша процедураларымен (қалпына келтіру), медициналық қызметкердің қызметтерімен (бастапқы және қорытынды медициналық тексеру) аптасына 1 рет оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 7 000 Спорт залында және теннис кортында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін 15 000 Шағын спорт және ойын залында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін 7 500 Футбол алаңында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін 25 000 Мини-футбол алаңында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін 12 500 Жүзу бассейнінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін 12 000 4 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилова к.) Бір спортшыға тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 2 000 Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 4 000 5 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) Бір спортшыға тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 2 500 Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 5 500 Бір спортшыға тамақтанумен және тұрумен, медициналық қызметкердің қызметтерімен (бастапқы және қорытынды медициналық тексеру) оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу, 1 тәулік үшін 7 000 Бір спортшыға шаңғы-роллер трассасында оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу , 1 тәулік үшін 1 500 045 көрсетілетін қызметтер түрі – Спорттық құралдарды және спорттық құрылыстарды беру жөніндегі қызметтер Р/с № Мекеменің (филиал) атауы Көрсетілетін қызметтер атауы Құны (теңге) 6 Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Спорттық құрылыстарды беру (көркем гимнастикаға, жекпе-жекке, спорттың ойын түрлеріне арналған спорттық платформа, тир, теннис корты, тренажер залы, әскери-қолданбалы және қолданбалы спорт түрлері платформасы), 1 сағат үшін 10 000 Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы), 1 сағат үшін 15 000 Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңының жартысы), 1 сағат үшін 7 500 Спорттық құрылыстарды беру (мини-футбол алаңы), 1 сағат үшін 5 000 Спорттық құрылыстарды беру (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) 3 000 Спорттық құрылыстарды беру (спорт және ойын залы), 1 сағат үшін 4 000 Жалпы білім беру мекемелері үшін спорттық құрылыстарды беру, 90 мин үшін (30 адамнан көп емес) 1000 7 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилова к.) Спорттық құрылыстарды беру (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) 3 000 Спорттық құрылыстарды беру (спорт залы), 1 сағат үшін 4 000 Спорттық құрылыстарды беру (футбол алаңы), 1 сағат үшін 5 000 8 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) Спорттық құрылыстарды беру (тренажер залы), 1 сағат үшін 3 000 Спорттық құралдарды беру (шаңғы, коньки, плюшкалар, велосипедтер), 1 сағат үшін 500 076 көрсетілетін қызметтер түрі – санаториялық-курорттық қызмет және медициналық оңалту жөніндегі қызметтер Р/с № Мекеменің (филиал) атауы Көрсетілетін қызметтер атауы Құны (теңге) 9 Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) Медициналық қызметтер (су асты душы - массаж) 1000 Медициналық қызметтер (Шарко душы) 500 Медициналық қызметтер (циркуляр, сарқырамалы, төменнен көтерілетін душ) 500 Медициналық қызметтер (булы сауна, самырсынды бөшке) 2000 Медициналық қызметтер (парафин-озокеритті аппликациялар) 600 Медициналық қызметтер (СМВ терапия, УЖЖ терапия) 600 Медициналық қызметтер (ингаляция) 300 Медициналық қызметтер (галокамера) 400 Медициналық қызметтер (жалпы массаж) 4000 Медициналық қызметтер (МЖА, иық буынының, қол массажы) 800 Медициналық қызметтер (арқа және іш массажы) 1000 Медициналық қызметтер (бұлшық ет ішіне инъекциялар) 300 Медициналық қызметтер (тамыр ішіне инъекциялар) 1000 Медициналық қызметтер (тамыр ішіне құю инъекциялары) 1500 Медициналық қызметтер (элекросон) 600 Медициналық қызметтер (физиотерапевт дәрігерінің қабылдауы) 1000 Медициналық қызметтер (кардиолог дәрігерінің қабылдауы) 1000 Медициналық қызметтер (ЭКГ) 500