О внесении изменения в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 3 мая 2017 года №13/1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Кызылжарского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №13/1 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы №13/1 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 болып тіркелді, 2018 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында 3-қосымшасының 11) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«11) пробация қызметінің есебінде болу;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
____________________ Қ. Ақсақалов
2018 жылғы «29» желтоқсан