О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 июля 2018 года № 26-4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешіміне (2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4846 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: 1-қосымшаның 1-тармағы 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақша 1
«1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;»; 1-қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 3
«3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»; 1-қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 4
«4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.