О внесении изменения в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 июля 2018 года № 26-4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі
№ 26-4 «Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4846 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-қосымшаның 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
«9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау келесі нормаларға сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) компенсациялық шаралармен қамтылатын тұрғын үй-жайдың ауданы бір адамға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатаханадағы бөлмеден кем емес мөлшерінде қабылданады;
Тармақша 2
2) коммуналдық қызметтің басқа түрлері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы нормаларына сәйкес.
Тұтынудың төлеу нормасы мен коммуналдық қызметтердің тарифын көрсетілетін қызметтерді берушілер ұсынады.
Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.