О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 3 июля 2018 года № 304 «Об утверждении Типовой архитектуры «электронного акимата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17191 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасында: 1-қосымшада: «1-бөлімде: реттік нөмірі 496-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 496. Жер са­уда­сы өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де жер са­уда-сат­тығ­ын (аук­ци­он­дар) жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды Жер са­уда­сын өт­кі­зу­ді ав­то­мат­тан­ды­ру Жүр­гі­зі­ле­тін жер са­уда-сат­тық­та­ры (аук­ци­он­дар) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ЖҚБ »; 2-бөлімде: реттік нөмірі 336-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 336. өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де жер са­уда-сат­тығ­ын (аук­ци­он­дар) жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды Жүр­гі­зі­ле­тін жер са­уда-сат­тық­та­ры (аук­ци­он­дар) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ҚТКШБ ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі