Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 3 апреля 2018 года № 58/4 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата Майского района»

Қаулы · № 42/3 · қабылданған 14.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2018-no-584/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 3 апреля 2018 года № 58/4 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата Майского района» Қолданыста Қаулы ·№ 42/3 ·14.03.2022
14.03.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 3 апреля 2018 года № 58/4 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата Майского района»

Қолданыста Қаулы ·№ 42/3 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Майского района от 3 апреля 2018 года № 58/4 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата Майского района»
Атауы (қаз.)
Май ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі «Май ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 58/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42/3
Қабылданған күні
14.03.2022
Көрсетілген редакция
14.03.2022 165232_563509.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22PJ00423A
ЭКБ идентификаторы
165232
Редакция идентификаторы
165232_563509
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:09

0 Май ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі «Май ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»

№ 58/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Май ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі «Май ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 58/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5957 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Май ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі:
5 - тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Май ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару бойынша бөлімі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару бойынша бөлімінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару бойынша бөлімі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы Май ауданы әкімінің өкімімен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41 - тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42 - тармақ алынып тасталсын.

2 2. «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы