О внесении изменения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 3 марта 2020 года № 11 «Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Академией правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан и расходования ею денег от реализации товаров (работ, услуг)» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 3 наурыздағы № 11 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20107 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларының: 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Академияның ақылы қызмет түрлеріне мына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерді) өткізілуі жатады: 1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру; 2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру; 3) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру; 4) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру; 5) әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу: семинарлар, кеңестер, конференциялар, спорт жарыстары; 6) оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мен өткізу; 7) ғылыми зерттеулер жүргізу.»
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академия ректоры З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.