О внесении изменения в приказ Председателя Верховного Суда Республики Казахстан от 3 июня 2020 года № 15 «О некоторых вопросах Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының
кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2020 жылғы 3 маусымдағы № 15
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20822 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы
11 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтары, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу Қағидаларының:
4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«4. Академияда педагогтың, ғылыми жұмыскердің бос лауазымы болған жағдайда, Академия конкурс өткізу туралы хабарландыруды «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында және Академияның сайтында орналастырады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың
қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.