О внесении изменений в Приказ Председателя Верховного Суда Республики Казахстан от 3 июня 2020 года № 15 «О некоторых вопросах Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Академияның педагогтері, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына тағайындауға арналған конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) саны мен дербес құрамын және оның өкілеттік мерзімін Академияның ректоры анықтайды. Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі кадр қызметінің өкілі енгізіледі.»; 10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) 075/У нысанындағы медициналық анықтама;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х.Баймолдинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.