О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 17 «Об утверждении Уставов государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі «Барыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;»; көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі «Барыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі «Барыс» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мекеменің атауы: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі «Барыс» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Республикалық құтқару қызметі «Барыс» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.