О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 3 июня 2020 года № 35/02 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» № 35/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» № 35/02 қаулысына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5860 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 14/01
қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ 35/02 қаулысына қосымша
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейiн
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3 000 001 теңгеден
50 000 000 теңгеге дейiн
3 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 150 000 теңге + 10 пайыз
таза кіріс 50 000 001 теңгеден
250 000 000 теңгеге дейiн
50 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 4 850 000 теңге + 15 пайыз
таза кіріс 250 000 001 теңгеден
500 000 000 теңгеге дейiн
250 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 34 850 000 теңге + 25 пайыз
таза кіріс 500 000 001 теңгеден
1 000 000 000 теңгеге дейiн
500 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 97 350 000 теңге + 30 пайыз
таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
1 000 000 000 теңге мөлшердегi таза кірістен асқан сомадан 247 350 000 теңге + 50 пайыз
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынды дамытуға, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын органмен келісілген нақты жобаларға жұмсалсын.