О внесении изменений в решение районного маслихата от 3 марта 2020 года № 491-VІ «Об утверждении регламентов собраний местного сообщества некоторых сельских округов Курмангазинского района» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ «Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ «Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4613 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешімде:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «Байда ауылдық округі» деген сөздер «Бөкейхан ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) шешімнің 2 қосымшасында:
«Байда ауылдық округі» деген сөздер «Бөкейхан ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшалардағы:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.