Об отмене приказов Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 июня 2021 года № 264 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов гражданской защиты» и от 31 мая 2023 года № 285 «О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 июня 2021 года № 264 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по чрезвычайным сит Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің «Азаматтық қорғау органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 31 мамырдағы № 285 бұйрықтарының күшін жою туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мына:
Тармақша 1
1) «Азаматтық қорғау органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 бұйрығының;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 285 бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.