Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2021 года № 608 «Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на замещение вакантных должностей директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии»

Қаулы · № 1170 · қабылданған 22.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2021-no-608/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2021 года № 608 «Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на замещение вакантных должностей директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии» Қолданыста Қаулы ·№ 1170 ·22.12.2023
22.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2021 года № 608 «Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на замещение вакантных должностей директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии»

Қолданыста Қаулы ·№ 1170 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2021 года № 608 «Об утверждении Правил квалификационного отбора кандидатов на замещение вакантных должностей директоров и заместителей директоров департаментов Евразийской экономической комиссии»
Атауы (қаз.)
«Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1170
Қабылданған күні
22.12.2023
Көрсетілген редакция
22.12.2023 190702_679479.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300001170
ЭКБ идентификаторы
190702
Редакция идентификаторы
190702_679479
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:32

0 «Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 608 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кандидаттар – Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері не орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын азаматтар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары;»;
9-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік органның кандидатураның жоқтығы не өзара алмастыру қажеттігі туралы жазбаша хабарламасы бойынша уәкілетті орган тиісті мемлекеттік орган кандидатурасының орнына өз кандидатурасын ұсына алады.»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Кандидатпен әңгімелесу нәтижесі оң болған жағдайда уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде Үйлестіру кеңесінің төрағасы – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшесінің тиісті хатқа қол қоюын және оны Еуразиялық экономикалық комиссияның атына жолдауды қамтамасыз етеді.
19. Осы Қағидалардың 19-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кандидаттарды қатарынан 2 (екі) мерзім бойы жіберуге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Егер Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің директорлары және директорларының орынбасарлары Еуразиялық экономикалық комиссиясымен еңбек шарттарын 2 (екі) жылдан кем уақытқа жасасқан болса, Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының қатарынан 2 (екі) мерзімге біліктілік іріктеуіне қатысуына жол беріледі.
Осы тармақта көрсетілген жағдайда біліктілік іріктеуі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы