О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 3 декабря 2021 года № 8/82 «Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Мангистауской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 8/82 «Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 3 желтоқсанындағы № 8/82 «Маңғыстау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілетін ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25798 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 1) және 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 120 теңге; 2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 150 теңге.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.