О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 3 мая 2022 года № 105 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 105 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 105 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.»;
15-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдары басшыларының қызметін бағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;»;
15-тармақтың 29) тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің, аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;»;
15-тармақтың 41) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.