О внесении дополнения в постановление акимата Костанайской области от 3 августа 2022 года № 344 «Об установлении водоохранных зон и полос на водных объектах Костанайской области, режима и особых условий их хозяйственного использования» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 41-1-жолмен толықтырылсын:
«
41-1
Тоғызақ өзені ағынының учаскесі
1600
500
125,0
1600
35
15,9
».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Қостанай
облысының Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, Геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі