О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 3 августа 2022 года № 344 «Об установлении водоохранных зон и полос на водных объектах Костанайской области, режима и особых условий их хозяйственного использования» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
келесі мазмұндағы реттік нөмірі 137-1 жолмен толықтырылсын:
«
137-1
Қамысты-Аят өзені: суарылатын егістік учаскесі шегінде
500
35
»;
198 және 199 реттік нөмірлері мен жолдары жаңа редакцияда жазылсын:
«
198
Тоғызақ өзені: Гурьяновское ауылындағы «Комсомольская птицефабрика» акционерлік қоғамының өндірістік алаңы
300
35
199
Тоғызақ өзені: Надеждинка ауылы аумағында орналасқан құрылыс тасы кен орнын әзірлеу
807,5
100
».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Қостанай облысының
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі