О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 3 августа 2022 года № 344 «Об установлении водоохранных зон и полос на водных объектах Костанайской области, режима и особых условий их хозяйственного использования» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 320-1 және 320-2 жолдарымен толықтырылсын:
«
320-1
Бірінші көлі
300
35
320-2
Екінші көлі
300
35
».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Қостанай облысының
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі